
Жыл сайын IEC, ISO және ITU мүшелері 14 қазанда стандарттау бойынша жұмыстардың маңыздылығын мойындау құрметі ретінде Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді.
Осы жылы Дүниежүзілік стандарттар күнінің ұраны «Стандарттар қалаларды ақылды етеді» деп аталады.
Бүгінгі таңда қалалар экономиканы дамытудың негізгі күші болып табылады және әлеуметтік-экономикалық сын-тегеуріндерді шешудегі орталық орынға ие болып отыр. Қалаларға қолжетімді инфрақұрылым, жоғары мобильділік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты кең ауқымды және сапалы қызметтерді ұсынатын, сондай-ақ азаматтар үшін жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету секілді ерекше талаптар қойылған.
«Smart City» жобасын іске асыру қалалық қызметтерді кешенді пайдалану үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, сапалы қызмет көрсету және қалалық өмірдің ең жоғарғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолымен осы мәселелерді шешудің сапалы жаңа тәсілдерін ұсынады.
Ағымдағы жылдың қазан айының 9-шы жұлдызында сағат 11.00-де Стандарттар күні мерекесіне орай Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті «ҚазСтИн» РМК Жамбыл филиалымен бірлесіп, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті базасында семинар өткізді.
Семинар жұмысы барысында қатысушылар халықаралық стандарттау, техникалық реттеу жүйесін дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде «Смарт сити» жобаларын жүзеге асыру бойынша ақпарат берілген болатын.
Семинар қаланың бизнес – қоғамдастықтарының, облыстық департаменттің, басқармалардың, Жамбыл облыстық кәсіпкерлік палатасы мен Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Семинарды өткізу мақсаты адамдардың назарын бірыңғай стандарттарды әзірлеумен байланысты әрекеттердің маңыздылығына аудару мен әлем бойынша ондаған мың мамандардың үлесін ерекшелеу, сонымен бірге өндірушілердің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды әзірлеуге, қарастыруға белсенді қатысуына ынталандыру болып табылады.
