
2017 жылдың 11 қазанында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Дугалов Ғалымжан Тлектесұлының қатысуымен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету мақстаныда «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушысылары «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «ComInvestGroup» ЖШС кездесулер өткізді.
Өткізілген іс-шара кәсіпорындарға техникалық реттеу және метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу облысындағы мәселелерін шешуге барынша қолдау көрсетуге, сондай-ақ Халықаралық экономикалық форумның Бәсекегеқабілеттіліктің әлімдік индексі шеңберінде «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторын жақсартуға бағытталды.
Өндірістік кәсіпорындарға бару кезінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы, Комитеттің қызметі отандық өнімнің бәсекегеқабілеттілігін, қауіпсіздігін және сапасын жоғарылатуға бағытталғанын атап өтті.
Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті, Департамент және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі, өнімнің сәйкестігін растау бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өнімді каталогтау, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен және ҚР ӨМЖ тізілімімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.