ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕРІН ЖӨНІНДЕГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ БОЙЫНША

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕРІН ЖӨНІНДЕГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ БОЙЫНША

2017 жылдың 22 ақпанында «Қазақстан Темір Жолы - Жүк тасымалы» АҚ - «ТС Павлодар бөлімшесі» филиалының базасында техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының көшпелі отырысы өткізілді. Отырысты Павлодар облыс әкімінің орынбасары – Н.В. Дычко ашты.

Отырыста мемлекеттік мекемелердің өкілдері, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ орталықтары, темір жол саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 001/2011), «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 002/2011) , «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 003/2011) Кеден Одағының енгізілетін техникалық регламенттерінің № 1 Өзгерістер жобалар қарастырылды.

Отырыс барысында: «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы жүргізуші маманы – Р.А. Исина, «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС сынау орталығының басшысы - Кривчиков А.Е., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының машина жасау және электротехникалық өнім жөніндегі сәйкестікті растау секторының меңгерушісі - Гузей Д.А., «Проммашкомплект» ЖШС стандарттау және сертификаттау бойынша директоры - Круглова В.А., «Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ темір жол көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы- Сарсекенов Б.С., ҚР ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Павлодар станциясындағы желілік бөлімі өкілі ретінде Павлодар ст. ПЖБ бастығының орынбасары полиция полковнигі - Смағұлов Ә.Ж., «Қазақстан Темір Жолы - Жүк тасымалы» АҚ - «ТС Павлодар бөлімшесі» филиалының бас инженері - Филиппов С.А. өкілдері ретінде сөз сөйледі, техникалық регламенттеріне өзгерістер қауіпсіздігіне, жылжымалы құрамның, темір жол көлігі инфрақұрылымын енгізілген өзгерістер жобалары бойынша проблемалары қарастырылды.



Сондай-ақ, отырыста сәйкестікті растау жөніндегі органның «Ұлттық Сараптау Орталығы» АҚ Павлодар филиалы, өндіруші кәсіпорындар шығаратын бөлшектерді темір жол саласының «Проммашкомплект» ЖШС, «R.W.S. BINDING» (Р.В.С. БАИНДИНГ) ЖШС кәсіпорындарынан ұсыныстар мен ескертулер қарастырылды.

Ұсыныстар мен ескертулер күн тәртібіндегі барлық проблемалық мәселелер уәкілетті органдарға қарастыру және шаралар қабыладу үшін жіберідлі.