
2018 жылдың 7 ақпанында ҚР ИДМ ТРМК Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері «ҚазСтИн» АФ РМК-мен «Көкшетауминералдысулары» АҚ-на Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласында, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу және өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өзекті сұрақтарды талқылау және оларды шешуге жәрдемдесу мақсатында барып қайтты.
Жиналысты ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысы, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бақылаудың бас мемлекеттік инспекторы – Бейбыт Абилев алғы сөзімен бастады.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласында, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу және өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету бойынша ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің бөлім басшысы, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бақылаудың бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – Азамат Мурзалин.
Сонымен қоса зертхананың материалдық-техникалық базасы және ғылыми-техникалық жағдайының дайындығын талқыланып, сондай-ақ DoingBusiness рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсарту жөніндегі шараларды, сондай-ақ сәйкестікті бағалау және тауардың шығу тегі туралы сертификат алу кезінде пайда болатын өзекті мәселелер туралы түсініктеме берілді.
«Көкшетауминералдысулары» АҚ Ақмола облысы бойынша өз профелінің ең ірі және жоғарғы технологиялық кәсіпорны болып саналады. Компанияның соңғы жетістіктерін атап айтатын болсақ, компания Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында алкогольсіз өнімдер шығаратын жаңа зауыт салу жобасын мақтан тұтады. Жаңа өндірісті іске қосу «Көкшетауминералдысулары» АҚ тарихындағы жарқын бетке айналды. 2010 жылдың шілде айында оның салтанатты ашылуы өтіп, ал 2011 жылдың желтоқсанында, Зауытты Ақмола облысының «Өңдеу өнеркәсібінің үздік жобасы» деп таныды. Бүгінгі күні «Көкшетауминералдысулары» АҚ өзінің табиғи және минералды су қоймалары, заманауи өндірістік технологиялары, менеджментті, қауіпсіздікті және сапаны бақылайтын алдыңғы қатарлы жүйелері, Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын өзінің филиалдық желісі, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Омбы қаласында сату кеңсесі бар бүкіл өндірістік кешенді қамтитын зауыт.
Іс-шараның соңында кафедра қызметкерлері өндірушілерге және экспорттаушыларға сәйкестікті бағалау туралы құжат және тауардың шығу тегі туралы сертификат алған кезде туындайтын нақты өзекті мәселелерді қарауға кеңес беруге дайын екенін айтты.