
2018 жылғы 22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің брифингі өтті.
Брифинг барысында департамент басшысы Салауат Уахитов 2017 жылы департаментпен атқарылған қызмет қорытындысына тоқталды.
Атап айтқанда, 2017 жылы барлығы 58 тексеріс тексеріс жүргізді, оның ішінде 21 кәсіпорында заң талаптарын бұзушылық анықталды, ол жалпы санының 36%-ын құрайды, әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 5 003 145 теңгені құрады.
Сонымен қатар, техникалық реттеу және метрология саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Оған қоса, ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы шеңберінде Инвестициялар жәнедаму министрлігімен министрлігімен техникалық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданғаны атап өтілді.
Брифинг аяқталғаннан соң спикерлер жүрналистердің сұрақтарына жауап берді.