САРАПТАМАЛЫҚ САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ

 САРАПТАМАЛЫҚ САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ

2018 жылдың 1 наурызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Сараптамалық салыстырып тексеру» тақырыбында семинар-жиналыс өткізді.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы заңнамасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кеібір сұрақтарды, нақты айтқанда өлшем құралдардың нәтіжесіне қүмән тұындаған жағдайда не істеу керегі туралы түсіндіру болып табылады.

Өлшем құралдар, қазіргі заманда өлшеу құралдары барлық адамзаттың барлық қызмет ету аясында денсаулық сақтау, ғылыми зерттеу, азық-түлік өндірістері, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар спорттық рекордтарды тіркеуде қолданылады. Бірақ, барлық өлшеу нәтижелеріне қалай көз жеткізуге болады, отын үлестіретін колонка арқылы ақысы төленген мөлшерде отын құйылғанын немесе медициналық өлшеу құралдарының нәтижесі бойынша сізге қойылған диагноз нақты екеніне сенуге бола ма. Бұл сұрақтар  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі, соған сәйкес өлшеу құралдары міндетті мерзімді салыстырып тексеруден өткізіледі.

Салыстырып тексеру деген өлшем құралының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау болып табылады, алайда салыстырып тексеруден өткен өлшем құралдың нәтижесіне күмән пайда болғанда қалай?

ҚР СТ 2.4-2017 «Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру жəне жүргізу тəртібі» ұлттық стандартына сәйкес, өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары, дұрыстығы жəне олардың пайдалануға жарамдылығы бойынша даулы мəселелер туындағанда сараптамалық салыстырып тексеру жүргізіледі.

Сараптамалық салыстырып тексеру мемлекеттік органдардың жазбаша түрдегі талабы немесе өтініші, жеке жəне заңды тұлғалардың жазбаша түрдегі өтініші бойынша жүргізіледі. Өлшем құралдарын сараптық салыстырып тексеру кезінде өтініш берушілір, сондай-ақ мүдделі тараптардың өкілдері қатыса алады.

Сараптамалық салыстырып тексеру нəтижелері бойынша үш данада қорытынды құрылады, оны аккредиттелген салыстырып тексеру зертханасы бекітеді. Қорытындының бір данасы сараптық салыстырып тексеруді жүргізген аккредиттелген салыстырып тексеру зертханасында сақталуы тиіс, екінші данасы – өтініш берушіге жолданады, ал үшінші данасы – өлшем құралы сараптық салыстырып тексеруге жататын тұлғаға жіберіледі.

Мемлекеттік органдардың талабы немесе өтініші бойынша жүргізілген сараптамалық салыстырып тексеру кезінде қорытынды, осы органдардың талаптарына сəйкес ресімделеді.

Заңды жəне жеке тұлғалардың өтініші бойынша сараптамалық салыстырып тексеру жүргізуге төлемді өтініш беруші жүргізеді.

Сот жəне құқық қорғау органдарының талабы немесе өтініші бойынша сараптамалық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеруге төлемді жүргізетін тарапты, сараптық салыстырып тексеруге өтініш берген орган белгілейді.

Отырыс соңында қызу пікір алмасулар болып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қатысушыларға өз қызметтерінде ҚР СТ 2.4-2017 ұлттық стандартын қолдануды ұсынылды.

Сараптамалық салыстырып тексеру толық ақпаратты Сіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінен алуыңызға болады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел, 11. Тел: 750541, 750542, 750543. Е-mail: gosnadzor_astana@mail.ru.