
2018 жылдың 1 наурызында ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және РМК стандарттау және сертификаттау институтының Жамбыл филиалымен бірлесе отырып «GOODZHEM» ЖШС-не түсіндірме жұмыстарымен барды.
Кездесу барысында кәсіпорынның қызметкерлеріне техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптары, стандарттау және метрология, ұлттық стандарттау кезінде пайда болатын сұрақтар, нормативтік техникалық құжаттарды жаңарту, өнімнің каталогтық парақтарын құру кезіндегі сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі — ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтарға арналған құрама жем өндіру. Зауыт дайындайтын құрама жем өнімдері еркін саудаға түседі.
Зауытта элеватордың бар болуы, шикізаттың қажетті бөлігін сақтауға және коммерциялық қызметтер көрсетуде дәнді дақылдарды қайта тиеу және сақтауды қамтамасыз етеді. Зауыттағы дамыған темір жол Қазақстан бойынша экономика саласында белсенді қатысушы етеді.
Аталған кездесудің соңында техникалық реттеу және метрология саласы бойынша проблемалық сұрақтар барысында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Кәсіпорын қызметкерлеріне өнімді қаталогтау, ұлттық стандартты құруға өтініш беру, өнімнің сәйкестікті растау, сондай-ақ қондырғыда орнатылған өлшеу құралдарына арналған жабдықты тағайындау және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Кеден одағының аккредиттеу субъектілерінің мәліметтер базасын пайдалану бойынша кеңес беру туралы түсіндірілді.