
2018 жылғы 5 наурызда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің алаңында мемлекеттік органдарға метрология саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа моделі ұсынылды.
ТРМК басшысының төрағалығымен өткен кеңес барысында әртүрлі салада жүргізілетін өлшеулерге қатысты нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізу және мемлекеттік реттеуге жататын Өлшеулер тізілімінің жобаларын әзірлеу мәселелері талқыланды.
Метрология саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа моделі мемлекеттік органдармен бекітілген Өлшеулер тізілімі арқылы мемлекеттік бақылауды көздейді. Бұл жаңалық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында енгізіледі.
Бекітілген Өлшеулер тізілімі аясында өлшеулердің қолданылу аясы қайсысы мемлекеттік, қайсысы өздігінен бизнеспен реттелетіні анықталатын болады.
«Бізге өлшеулердің қайсысы мемлекет тарапынан бақыланатыны, ал қайсысы бизнеске өздігінен реттеуге қалдырылатынын анықтау үшін үлкен жұмыс атқаруымыз қажет», - деп атап өтті Ғ. Дугалов.
Метрология саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа моделі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, қауіпсіздігін және сапасын арттыру мен өлшеу нәтижелерін халықаралық деңгейде мойындау үшін жағдай жасайды.
Кеңес қорытындылары бойынша аталған Өлшеулер тізілімін жасау үшін мемлекеттік органдарда Жұмыс топтарын құру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.