
2018 жылдың 12 наурызында ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақмола облысы бойынша қызметкерлері облыстың денсаулық сақтау басқармасының бейнеконференция түрінде өткен аппараттық жиналысына қатысты.
Кездесуге Ақмола облысының аудандық, қалалық емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.
Кездесу барысында Департамент мамандары мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру, сондай-ақ міндетті метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін тізілімінде тіркеуге жататын өлшеу әдістерін қолдануға қатысты «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндірді.
2016-2017 жылдар кезеңінде медициналық мекемелерге қатысты мемлекеттік метрологиялық бақылаудың нәтижелері келтірілді.
Жиналыс барысында өлшеу құралдары, метрологиялық аттестаттауды тексеру, ӨМТ тізіміне енгізу туралы сұрақтар қойылды.
Туындаған мәселелер бойынша департамент мамандары тарапынан жан жақты ақпарат берілді.