ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 13 наурызында Қызылорда қаласында орналасқан «Инженерлік-метрологиялық орталық» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорынды аралау кезінде департамент қызметкерлерімен техникалық реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, өнімдерді каталогтау жүйесі, менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Фонды және 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары туралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, Кеден одағының техникалық регламенттерінің  және басқа да  нормативтік актілер  талаптары түсіндірілді.

«Инженерлік-метрологиялық орталық» ЖШС 2006 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызмет түрлері: өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, іске қосу, құрылыс-монтаж жұмыстары, инжиниринг, мұнай және газ есептеу коммерциялық тораптарында техникалық қызмет көрсету қызметтері. Сонымен қатар, компания 3 категориялы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензия алған.

Компания өз өндірісіне сапа менеджменті ISO 9001, еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік жүйесі OHSAS 18001, экологиялық менеджмент ISO 14001 халықаралық стандарттарын енгізіп,  интеграцияланған менеджмент жүйесі сертификатталған.

Сонымен қатар, компания Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені кәсіпорындарына көмірсутек өнімін өндіру, есептеу және тасымалдау кезінде техникалық сүйемелдеу және метрологиялық қамтамасыз ету процестерінің толық қызметі спектрін көрсетеді.

Компанияда нормативтік құжаттардың барлық талаптарына сай аттестацияланған, соңғы техникамен жабдықталған, автономды жылжымалы салыстырып тексеру зертханасы жұмыс жасайды. Серіктестіктің жылжымалы зертханасының негізгі артықшылығы, оның құрылғылар мен өлшем құралдарын пайдалану орнында далалық жағдайда салыстырып тексеру қызметін көрсетуі болып отыр.

Кәсіпорынды аралау барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық және тыңғылықты жауаптар берілді.