
Ағымдағы жылдың 13 қазанында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау мақсатында ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын түсіндіру бойынша оқыту семинары өткізілді.
Жоғарыда аталған заңдардың талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мамандары шақырылды.
Семинар барысында Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Мейрамбек Кабдоллин «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу ерекшеліктері, бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу тәртібін түсіндірді.
Келесі болып Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ерқанат Ерланұлы сөз алды. Баяндама барысында департаментпен 2016 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша 27,0 мыңға жуық адамның қатысуымен 381 іс-шара өткізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2016 жылы Департаментпен 17 мемлекеттік орган мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне сыртқы талдау жүргізілгенін айтты (9 мемлекеттік орган және 8 квазимемлекеттік сектор субъектілері).
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылатын 194 фактор анықталды, олар:
Одан басқа, департамент қызметкерлерінің назарына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жоғары лауазымды шенеуніктерді ұстау фактілері бойынша бейнеролик ұсынылды.
Техникалық оқу соңында департамент қызметкерлерін адалдыққа, қиянатқа бармауға, мемлекет пен азаматтардың мүддесіне қызмет етуге, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті қалыптастыруға шақырды.