
Осы жылдың 13 қазан күні «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ныңҚызылорда облысы бойынша филиал ғимаратының мәжіліс залында Дүниежүзілік стандарттар күніне орай «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстел» ұйымдастырушылары: Техникалық реттеу және метрология комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалы.
Осы жылы Дүниежүзілік стандарттау күні - «Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді» ұранымен өтеді.
«Ақылды қалаларды» жасау өте күрделі міндет болып табылады. Әрбір қала өз қиындықтарымен кездеседі және өз шешімдерін талап етеді. Алайда, бұл міндеттерді айтарлықтай жеңілдетін бір ортақ дүние бар. Бұл дүние стандарттау болып табылады.
Стандарттау өндірістің даму қарқынына және деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. Ғылым мен техникадағы және тәжірибедегі соңғы жетістіктерді негізге ала отырып, стандарттау өндірістік қолжетімділік деңгейін арттырып қана қоймай, ғылым мен техниканың ынталандырушысы болып табылады.
Стандарттаудың объектілерінеғылым, техника, өндіріс, ауылшаруашылық өнеркәсібі, құрылыс, көлік, мәдениет, денсаулық сақтау, сондай-ақ, халықаралық саудада бірнеше рет пайдаланылатын нақты өнім, норма, талаптар, әдістер, терминдері жатады.
Бүгінгі күні қалалар экономиканың дамуының негізгі күші болып табылады сондай-ақ, әлеуметтік және экономикалық жетістіктерде ерекше орын алады.Сонымен қатар, қалаларға ерекше талаптар қойылады: қолжетімді инфоқұрылым, жоғарғы мобильділік, қауіпсіздік және экологиялық қауіпсіздік, осылардың арқасында қала тұрғындары үшін кең ауқымды және сапалы қызмет түрлері, сонымен қатар, жайлы өмір сүруге жағдай жасалады.
Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша бизнес-қауымдастықтары, облыстық басқармалар мен департамент өкілдері, сонымен қатар Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Қызылорда облысы бойынша индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында күн тәртібіне сәйкес баяндамалар оқылды:
Кіріспе сөз және бағдарламамен таныстыру - ТРМК Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Кеулімжаев Е.Б.;
14 қазан – Дүниежүзілік стандарттар күні – ТРМК Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Камзаев А.;
Приоритетные направления в техническом регулировании: Смарт сити - умный город – «ҚазСтИн» РМК ҚФбас маманы Қалиева А.Ғ.;
Смарт сити және инвестициялық жобалар –Қызылорда облысы бойынша индустриалды-инновациялық даму басқармасының Инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы Әбдіхалық Н.Н.;
Білім беруде смарт оқыту жүйесін қолдану – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, «Мұнайгаз инжениринг» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Жабағиев А.М.;
Стандарттау жүйесінің маңызы – «НаЦЭкС» АҚ ҚФ жетекші маманы Қарымсақова М.А.
Іс-шара барысында ерен еңбегі мен стандарттау саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Казахэнергоэкспертизи-Кызылорда» ЖШС, «Кызылордажоллаборатория» МК, «Инженерно-метрологический центр» ЖШС мекемелері және БК «ҚазГермұнай» БК ЖШС мен «Құрылыс» АҚ қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапатталды.