
Смартфондар, смарттелевидение және өзге де «ақылды» заттар біздің күнделікті өмірімізде берік орын алды. Бүгінгі таңда «Смарт сити» жобаларын дамытуды стандарттау рөлі Дүниежүзілік стандарттау күніне арналған дөңгелек үстел жиналысында талқыланды.
Астана қаласында, бүкіл әлемде дөңгелек үстел «Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді» ұранымен өтті. Қазақстанның Индустрия 4.0. стандарттарына өтуі, «Сандық Қазақстан» бағдарламасын енгізу тұрғысында осы тақырып ерекше өзекті сипатқа ие болады.
Аталған күннің маңыздылығы және стандарттау саласында мамандар үлесін дөңгелек үстел басына жиналған: ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаттары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдік өкілдері, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, салалық ассоциациялар және басқа да мүдделі ұйымдар атап кетті.
ҚР ИДМ ТРМК–нің Төрағасы Ғ. Дуғалов мерекелік іс-шараны аша отырып, барлық қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады және өз сөзінде Дүниежүзілік стандарттар күні тақырыбының өзектілігін және «ақылды қалаларды» салуға қажетті инновациялық технологияларды енгізу және оны дамыту қозғалтқышы ретінде стандарттауды алға жылжыту маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол ҚР Парламентінде талқыланып жатқан «Стандарттау туралы» заң жобасы өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға және инновациялар енгізуге мен технологиялар трансфертіне мүмкіндік туғызатынын айтып кетті.
«Ақылды қалаларды» құру кезінде басты назар аударылуы тиіс түйінді мәселелерді айқындап, «ақылды қала» тұжырымдамасы мен жаңа шешімдер туралы «Зерде» ҰАХ» АҚ бағдарламасының жетекшісі А.Абдрахманов айтып кетті.
«Smartcity» саласында пилоттық қала әкімдігінің өкілдері өткізілген жұмыстар және «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыруда жоспарланып отырған іс-қимылдар туралы ақпарат берді.
Қатысушылар «ақылды қалалар» туралы бейнероликті тамашалап, сонымен бірге Стандарттардың өңірлік интернет-дүкені бейне-таныстыруын көрді. Отырыс стандарттау саласындағы сарапшыларды ТРМК және «ҚазСтИн» РМК атынан құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімімен аяқталды.
Жастарды құжаттар әзірлеу барысына тарту бойынша әлемдік стандарттаудағы жаңа бағытты іске асыру мақсатында түстен кейін стандарттаушылар мен ақпараттық технологтардың болашақ буынын дайындайтын астаналық түйінді ЖОО студенттерінің қатысуымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті алаңында конференция өткізілді.
Астананың SmartCity іске асыруға және инновациялық экожүйені дамытуға, Смарт Медицина және Зияткерлік көлік жүйесін дамытып іске асырудағы жаңашылдықтары студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Стандарттау күнін елордада ғана атап өтпегенін ескертіп кетейік. Қазақстанның барлық өңірлерінде стандарттауды дәріптеу бойынша ауқымды жұмыстар жасалды. Көптеген жерлерде тақырыптық іс-шаралар, қалың көпшілік қатысқан дөңгелек үстел өтті. Іс-шара отырысын тікелей эфир трансляциясы арқылы бұқаралық ақпараттық құралдарға және әлеуметтік желілерге кең тарады.