ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Өскемен қаласында техникалық реттеу мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - ШҚО)  Аймақтық штабының кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста сынақ зертханалардың/орталықтардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері, кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

«Сұр сертификаттар» жиі берілуі жағдайларына байланысты сәйкестікті растауды ресейлік өкілетті органдарының сертификаттау бойынша мәселе Аймақтық штабта көтерілді.Өнімді жалған сынау тәжірибеленеді, ол сәйкестікті растау рәсімін өте қатты қысқартады. Бұл мәселені талқылаудың мақсаты - тұтынушыларға мұндай тәжірибенің салдары туралы іскерлік қоғамдастыққа ескерту.

Бұл мәселе бойынша «Стандарттау және сертификаттау орталығы» ЖШС директорының орынбасары А.Г. Тернопольская сөз сөйледі.

Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелерінің аймақтың экспортқа бағдарланған кәсіпорындарының саудадағы техникалық тосқауылдары туралы ақпаратты «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры А.С. Байшокина айтты.

«Қазақстан метрология институты» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Л.М. Антропова мүдделі ұйымдардың қатысуымен зертханалық салыстырмалы сынақтар өткізу туралы талқылады.

Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне «Жергілікті жеткізушілердің сапасы» мәселесін департаменттің басшы орынбасары  А.А. Жақсыбаева қатысушылар назарына ұсынды.

Барлық келіп түскен сұрақтарға сәйкесінше жауаптар берілді.