
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына және оған ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына "Ақ Бастау КZ" ЖШС, "Символика" ЖШС және «Наружная реклама Казахстана» ЖШС кәсіпорындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпорындар Қарағанды облысының мемлекеттік рәміздерінің өндіруші-лицензиаттары болып табылады, олардың өндірістік - техникалық базасы және өнім дайындауға арналған жұмыскерлері бар.
Түсіндіру қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасылды, өндіріс қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап алды.