БҮКІЛӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАР КҮНІ!

БҮКІЛӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАР КҮНІ!

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2017 жылдың 13 қазанында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бірлесіп «Бүкіләлемдік стандарттар күні» мерекесін атап өту мақсатында Л.Н. Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Стандарттар қаланы ақылды етеді» атты конференция ұйымдастырды. Аталмыш конференцияға Универтитет басшылығы, стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының басшылығы, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасының, «Астана LRT» ЖШС, «Зерде ҰАХ» АҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында стандарттаудың адам өміріндегі алатын орын айтылып, қазігі таңда іске асырылып жатқан, қала тұрғындарының өмір сүру қарқынын жеңілдетіп, қауіпсіздігін арттыратын «Ақылды қала» жобасының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Іс-шара соңында Департамент басшысы Қапаев Сауықбек Әріпұлы стандарттау саласына үлес қосып жүрген азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелеріңіз құтты болсын әріптестер!