
2021 жылғы 22 ақпанда "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" РММ қызметкерлері нормативтік-құқықтық актілерді, заңдарға енгізілген өзгерістерді және Департамент қызметінің басым бағыттарын зерделеу бойынша аппараттық оқу өткізді.
ҚР СИМ ТРМК СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы – В.А. Маршаков қызметкерлерді "Техникалық реттеу туралы" Заңның жаңа редакциясымен таныстырды. Бөлім басшысы техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізудің жаңа, өнімдерге назар аударды, өнімдерді мәжбүрлеп қайтарып алу мен алып қою жүйесін енгізу сонымен қатар «Сатып алу және тауарлардың үлгілерің сынау», ол 01.07.2021жылдан бастап күшіне енеді.
Бас маман А.Ж. Кәрімов "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, Кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы"Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне назар аударды. А.Ж. Кәрімов осы Заңмен 7 ҚР Кодексіне және
26 ҚР Заңына өзгерістер енгізілгенін, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "бағалы металдар мен асыл тастар туралы"ҚР заңдарына енгізілетін өзгерістерге назар аударылғанын хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша пікір алмасылып, келтірілген іс-шаралар талқыланды.