"Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"

"Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"

ТРМК Алматы қаласы бойынша Департаментінде "Интеркоммерц-Қазақстан" ЖШС-нің өкілімен, "Честная позиция" қауымдастығының Қазақстан Республикасының аумағына техникалық регламент ережелерін бұза отырып өндірілген ООО «ПРОМСТРОЙКАБЕЛЬ» өндіретін Кабельдік-өткізгіш өнімдерін жеткізу туралы шағымы шеңберінде, "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" кеден одағының техникалық регламентін (КО ТР 004/2011) түсіндіру бойынша жұмыстық кездесуі өтті,

 Департаменттің басшы орынбасары ҚР "Техникалық реттеу туралы" Заңын түсіндірді, онда, сәйкестікті міндетті растауға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнім нарығындағы айналымның қажетті шарты оның белгіленген тәртіппен расталған техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі болып табылатыны айтылған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауапкершілік туралы айтты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша техникалық реттеу жүйесін дамытуға бағытталған ашық диалог, сындарлы пікір алмасу және қызықты да пайдалы пікірталас өтті.