ТРМК БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

 ТРМК БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

Наурыз мерекесі қарсаңында 2018 жылғы 20 наурызда ҚР ИДМ ТРМК БҚО бойынша департаментінде салтанатты шара өтті. Департамент басшысы Салават Вахитов осы жарқын мерекеге орай ұжымды құттықтап, шығармашылық табыстар мен гүлдену, зор денсаулық пен отбасының амандығын тіледі.

Департамент қызметкерлері ұлттық сәнді киімдер киіп, Наурыз мерекесінің тарихына, салт-дәстүрлеріне тоқталып, бір-біріне мейірімділік тіледі.

Мереке құрметіне ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайылып, Наурыз көжеден дәм татылды. Қазақтар Наурыз мейрамын тойлағанда Наурыз көжені тойып ішсе, молшылық болады деп санаған. Наурыз көже жеті ингредиенттен: ет, су, ұн, май, тары, тұз және сүтден дайындалған. Тамақтың әр компоненті жеті өмірлік бастамалардың бірі: өсімді, сәттілікті, бақытты, байлықты, денсаулықты, даналықты және аспан қорғауын білдіреді.

Наурыз мейрамы - жаңа жылдың басы, көктемгі күннің теңелу күнімен сәйкес келеді. Бұл мереке көктемгі ояну мен табиғаттың жаңаруының, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың символы.