
Бүгін ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында GLP тиісінше зертханалық тәжірибе қағидаттарын енгізу мәселелері жөнінде жұмыс жиналысы өтті. Жиналысты ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Доғалов ашты.
Өз баяндамасында Ғ.Доғалов осы бағытта қолда бар зертханалық тәжірибелерге оң шетел тәжірибесін қолдана отырып, жұмысты жандандыру қажеттігі туралы атап өтті және қатысып отырған мемлекеттік органдардың өкілдеріне осы жобаны - GLP тиісінше зертханалық тәжірибе қағидаттарын енгізуді алға бастыру үшін осындай жұмыс жиналыстарын апта сайын өткізуді ұсынды.
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Серік Құрманғалиев өз баяндамасында Қазақстанда GLP қағидаттарын ендіруде жұмысты жолға қоюда оң өзгерістер барын және Қазақстан Республикасында GLP тиісінше зертханалық тәжірибе қағидаттарын енгізу жөніндегі Жол картасын дайындау және бекітуге қатысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің тапсырмасын іске асыру барысы туралы айтып өтті.
Сондай-ақ Қазақстанда GLP енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Зертханалық қызметті дамыту басқармасы, ҚР ДСМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті «ВРҰО» РМК Тіркеу сынақтары, ветеринарлық препараттар мен жем-шөп қоспаларын апробациялау, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Химиялық және фармацевтік өнеркәсібі басқармасы, ҚР ДСМ Фармация комитеті Фармацевтік инспекторат басқармасының сарапшылары толық мағлұмат берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тиісінше зертханалық тәжірибе қағидаттарын енгізу бойынша ведомствоаралық Жол картасының жобасын мақұлдауға шешім қабылданды.
Баяндамаларды қорытындылаған Комитет төрағасы осы бағыттағы ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-нің жұмысында оң өзгеріс барын атап өтті және өзге де мемлекеттік органдардағы әріптестерді осы үлгіні пайдалануға кеңес берді.