
Осы жылдың 9 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департементі техникалық реттеу және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік рәміздерге нормативтік құжаттарда және Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарда көрсетілген талаптарын түсіндіру мақсатында Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жиналыс өтті.
Жиналыс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы – мемлекеттік бақылау бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Бас Мемлекеттік инспекторы Василий Чепухиннің және Қызылжар ауданың әкім орынбасары Алма Амангельдіқызы Нургалиеваның төрағалығымен өтті. Оған селолық округінің әкімдері және аудан мемлекеттік органдарының, мекемелердің басшылары, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Департамент мемлекеттік рәміздерді дайындауға, орналастыруға, орналасу орнын белгілеуге және мемлекеттік стандарттар мен ережелер қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндірді.
Сөз сонында әкімшілік құқық бұзушылыұ туралы Кодексінде мемлекеттік рәміздерге қатысты құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатының туралы айтылды. Кездесуге қатысушыларға сұрақтар қойылып, оларға білікті жауап берілді.