
2018 жылғы 10 сәуірде Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспар шеңберінде «ҚазСтИн» РМК-мен бюджеттік бағдарлама бойынша (тегін) өткізіліп жатқан техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік оқыту семинары басталды.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Салават Вахитов сөз алып, 2018 жылғы 10 қаңтардаЕлбасыныңҚазақстанхалқына «Төртіншіөнеркәсіптік революция жағдайындағыдамудыңжаңамүмкіндіктері» аттыЖолдауында бірінші міндет ретінде индустрияландыру жаңа технологияларды енгізуге көшбасшы болуға тиіс деп қойылғанын және осы міндетті жүзеге асыру үшін стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажеттігін атап өтті.
Бағдарламаның негізгі мақсаты халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда КПО б.в., «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Конденсат» АҚ, «ORAL MUNAI» ЖШС, «Жайықмұнай» ЖШС, «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» ЖШС сияқты және т.б. ірі компаниялардың мұнай өңдеу және құрылыс саласындағы90-ға жуық мамандар қатысуға ниет білдірді.
3-күндік семинар барысында ЕАЭО және Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу негіздері және ерекшеліктері, сондай-ақ стандарттау метрология, аккредиттеу саласындағы жаңа бағыттар қарастырылады.
«ҚазСтИн» РМК бас директорының орынбасары Еркежан Амирханова «ҚР-дағы техникалық реттеу негіздері және ерекшеліктері. Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы, менеджмент жүйелері, сәйкестік бағалау облысындағы жаңа бағыттар.Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері» тақырыбындадәріс оқыды.
Сонымен қатар, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, жетекші мамандар менсалалық бағыт бойынша сарапшы-аудиторлар дәріс оқиды.
Семинар соңында тыңдаушыларға салалық бағыт бойынша оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталады.