ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ 011/2011 КО ТР «ЛИФТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ» ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ 011/2011 КО ТР «ЛИФТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ» ТАЛҚЫЛАНДЫ

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті «Лифттер қауіпсіздігі»  011/2011 кеден одағының техникалық регламентін  талқылау туралы дөңгелек үстел өткізді.

         Дөңгелек үстел отырысына «Қазақстан стандарттау институты» РМК, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері, «Казлифтконсалтинг» сәйкестікті растау органның басшысы Нешто В. К.,

«Лифтстройсервис» ЖШС, «Астаналифт» ЖШС, «Лифт плюс» ЖШС, «ЛС Групп» ЖШС лифттерге техникалық қызмет көрсету бойынша компаниялардың өкілдері қатысты.

         Отырыс барысында лифтілерге техникалық қызмет көрсету,  лифттердің сәйкестігін растау және сынау жөніндегі проблемалық мәселелер талқыланды.

         Осылайша, бүгінгі таңда лифттерге техникалық қызмет көрсету кезінде өткір проблемалар бар, себебі көптеген лифттердің меншік иелері тиісті базасы және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес қызмет көрсету үшін техникалық жабдықталмаған ұйымдармен шартқа отырады.

         011/2011КО ТР 6 бабы 1 тармағына сәйкес, лифттердің және құрылғыларының қауіпсіздігін сәйкестігін растау олардың Кеден одағының мүше-мемлекеттердің аумағында айналымға шығарар алдында міндетті сертификаттау нысанында жүзеге асырылады.

         Мәселен, республика бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығы сайтында аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде заңнамада белгіленген тәртібімен  аккредиттелген 4 сәйкестікті растау жөніндегі орган тіркелген, Астана қаласы бойынша құрамында КО ТР 011/2011 сынау жүргізуге арналған сынақ зертханасы бар 1 сәйкестікті растау орган «Казлифтконсалтинг» тіркелген.

         011/2011КО ТР 6 бабы 4 тармағына сәйкес, лифттің сәйкестігін бағалау

қызмет көрсету мерзімінде 12 айда 1 реттен жиі емес Кеден одағының мемлекет-мүшесімен  заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым (уәкілетті) техникалық куәландыру нысанында жүзеге асырылады. Мұндай рәсімді лифттердің меншік иелері жүзеге асыруы тиіс.

         Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, КО ТР 011/2011 және 2014 жылдың 30 желтоқсанында ҚР Инвестициялар және даму министрінің № 359 бұйрығымен бекітілген мамандандырылған аттестатталған ұйымдарды  тарту талаптары қойылған  жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидалары жиынтығынд алифттерді пайдалану және жөндеу мәселесін пысықтау шешімі қабылданды.

         Сондай-ақ, қатысушылар дөңгелек үстел хаттамасының көшірмесін бірлесе жұмыс атқару үшін «Атамекен» ҰКП-на жіберуге ұсыныс берді.