
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:
- өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта мен азаматтардың мүлкінің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- өнімдер мен қызметтер сапасы мәселесіндегі тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
- саудадағы техникалық кедергiлердi жою, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- Қазақстанның біріңғай тауар нарығындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметтері үшін қажетті жағдай құру, сонымен қоса халықаралық нарықта, ғылыми-техникалық және халықаралық экономикалық ынтымақтастықта да.
Сертификаттау латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған» дегенді білдіреді. Өнім оны алда қолдану немесе тұтыну ұшін дайындалатыны белгілі. Өнімнің барлық шығарылу тізбегінде оны өндіруші «бірінші кезекте» тұрады және ол әлбетте тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп санайды.

Бұл тізбектің екінші кезегінде сапалы өнім алуға ниетті тұтынушы тұрады. Өнімнің бұдан кейінгі тағдыры тұтынушының берген бағасына байланысты.
Тізбектің үшінші кезегінде өндіруші мен тұтынушыға тәуелсіз орган немесе тұлға болмақ. Халықаралық тәжірибеде сәйкестікті растау объективті де дұрыс деп үшінші жақпен жүргізілген сынақ нәтижелері саналады.
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «сертификаттау» термині сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм дегенді білдіреді.
Қазақстан республикасында сертификаттаудың екі түрі бар – олар
1. Міндетті сертификаттау – стандарттың міндетті талаптарына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімдер, қызметтер, қызмет көрсету тізіліміне енген немесе адам өмірі мен денсаулығын азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғауға міндетті талаптар орнататын өзге де нормативтік құжаттар талаптарына өнімдер, қызметтер, қызмет көрсетулердің сәйкестігін сертификаттау.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер тізлімі және сәйкестігін декарация арқылы растауға болатын өнімдер тізілімі Қазақстан Республикасы үкіметімен орнатылады.
2. Ерікті сертификаттау өнімдер, қызметтер, қызмет көрсетулердің сәйкестігін нормативтік құжаттар талаптарына өтініш берушінің бастамашылдығымен ерікті түрде жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.
Сәйкестiктi мiндеттi растау:
- дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;
- мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.
Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша, оның ішінде мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйымдардың стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйымдардың стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.
Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.
Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.
Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшiн және оны нысаналы пайдаланбау үшiн әкелiнген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.
Міндетті сертификаттауға жататын және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен растауға болатын өнімдер тізіліміндегі өнімдер сәйкестігі өндірушінің сәйкестік туралы декларация шешімімен расталуы мүмкін.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен берілген сәйкестік туралы сертификаты аккредиттеу аясындағы сертификаттау жөніндегі органда тіркеледі.
Сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы нормативтік құжаттар талаптарына өнімнің сәйкестігін растаған өндіруші осы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Нормативтік құжаттармен орнатылатын сертификаттау жөніндегі талаптар заманауи ғылыми техникалар мен технологияларға негізделіп, халықаралық стандарттар мен қағидаларға сәйкес болуы қажет.
Сонымен қоса, сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар халықаралық саудада қосымша кедергілер туғызбауы керек.
Нормативтиік құжаттармен реттелетін сертификаттау рәсімдері мен қағидалары отандық өнімдер мен шыққан еліне қарамастан сырт елдерден тасымалданатын өнімдерге бірдей болуы қажет.
Сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттар әзірлеу кезінде олардың заңмен қорғалатын құпия ақпараттарды қоспағандағы жобалары мен мәтіндері бұқаралық ақпарат құралдарында және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның арнайы басылымдарында мүдделлі органдар мен жеке және заңды тұлғалар ұсыныстары мен ескертпелер дайындау үшін және талқылау үшін жарияланады.
Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар жобасын қарастыру тәртібі мен ескертулер мен ұсыныстар дайындау мерзімі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бекітіледі. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге арналған нормативтік құжаттарда міндетті сертификаттауды жүргізу жөніндегі талаптар, осы талаптарға сәйкестігін бақылау әдістемесі, өнімді зат таңбалау ережесі, ілеспе құжатта көрсетілетін сертификаттау туралы ақпараттарға талаптар болуы қажет.
Сертификаттау аясындаға даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте қарастырылады.
Аталмыш тақырып бойынша толық ақпарат алғысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 11, тел. 270741, 270742, Еmail: gosnadzor_аstana@mail.ru