ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Газбен жабдықтау жүйесі – газ құбырлары, газ толтыру бекеттері, газ толтыру пункттері, топтық резервуар қондырғылары, газбаллон қондырғылары, газ құбырындағы жабдықтар, өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындар ғимараттарының газ қондырғылары, қазандықтар, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық мекеме және тұрғын үй кәсіпорындары.

Атап өту қажет, «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасы техникалық регламенттінің талаптары мынадай газбен жабдықтау жүйелеріне:

 

1) кент аралықтарды қоса алғанда, елді мекендердің сыртқы газ құбырларына;

2) газбен жабдықтау жүйелерінің сыртқы (алаңішілік) газ құбырларына және газ жабдығына (техникалық құрылғылар);

3) жылу электр станцияларын газбен жабдықтау жүйелерінің сыртқы газ құбырлары мен газ жабдығына (техникалық құрылғылар);

4) газ реттеуіш пункттерге, газды реттеуіш блокты және шкафты газды реттеуіш пункттерге;

5) газ құбырлардағы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.

Сыртқы газ құбырларын және құрылыстарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында оларды газбен жабдықтау жүйесін пайдаланатын ұйым мынадай қауіпсіздік талаптарын орындайды:

1) газ иісінің қарқындылығын (жітілігін) газ тарату торабының соңғы нүктелерінде (тұтынушыда) газды тасымалдау ұйымымен қамтамасыз етеді;

2) бақылау пунктері, сынамаларды таңдау кезеңділігі, сондай-ақ газ иісінің қарқындылығын газ тарату ұйымдары айқындайды;

3) газ тарату станциясынан шығудағы газ қысымы мен сапасының шамасы жобада айқындалған атаулы деңгейде ұсталады;

4) газ тарату ұйымдары тұтынушыдағы газдың нормативті қысымын қамтамасыз етеді, қажет болғанда газ тарату станциясынан кейін газ қысымының телеметрикалық бақылауын жүзеге асырады;

5) газ құбырларында орнатылған бекіткіш арматура мен компенсаторлар жыл сайын техникалық қызмет көрсетуге және қажет болғанда - жөндеуге түседі.

Жер үсті газ құбырларын пайдалануға беретін ұйымдар мыналарға:

1) газдың шығуына;

2) газ құбырларының тіректер шегінен асып кетуіне;

3) газ құбыр дірілінің, жапырылуының, рұқсат етілмейтін иілуінің, тіректердің отыруының, майысуы мен зақымдануының болуына;

4) сөндіру құрылғыларының және оқшаулағыш ернемекті қосылыстардың, электр өткізгіштердің, бекіткіштер мен газ құбырлардың бояуының түсуінен қорғайтын құралдардың ақаулығына;

5) автокөлік жүретін жерлердің өтпе жолдарында электр химиялық қорғау құрылғылардың және ауқымды белгілердің сақталуына мониторинг жүргізу және оларды уақтылы жоюы керек.

Жерасты газ құбырларын пайдалануға беру ұйымдары мыналарға:

1) газ құбырының трассасында газдың шығуына;

2) қабырғалардағы көрсеткіштердің, құрылыстардағы бағдарлардың бүлінуіне;

3) электр химиялық қорғау жұмысындағы ақаулыққа мониторинг жүргізуі және уақытылы жоюы қажет.

Жерасты мен жер үсті газ құбырларын пайдалануға беру ұйымдары мыналарды:

1) топырақ жағдайларына мониторинг жүргізуі (топырақтың көтерілуін, отыруын, көшкіндерді, құлауы мен мүжілуін, газ құбырының су тасқынымен немесе жаңбыр суларымен шайылуын анықтау);

2) газ құбырларының зақымданулардан сақталуын қарастыратын құрылыс жұмыстарын жүргізу жағдайларын бақылауы қажет.

Жерасты газ құбырларының трассаларын аралап шығу кезеңділігі олардың техникалық жағдайларына, электр қорғау қондырғылардың болуы мен тиімділігіне, газ құбырының қысымы, топырақ ұйықтығы, отыруына және ісіну деңгейі бойынша санатына, тау жұмыстарына, ауданның сейсмикалығына, жердің сипаты мен ондағы құрылыс салыну тығыздығына, жылдың мезгіліне және басқа да факторларға байланысты.

Сыртқы (жер үсті) және ішкі газ құбырлары құрылыс ауданындағы және ішкі жұмыстар үшін сыртқы ауаның есептелген температурасына сәйкес келетін температура кезінде сыртқы жұмыстарға арналған бояудың екі қабатымен (бояу, эмаль) сары түске боялуы қажет.

Газбен жабдықтау жүйелерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Толық ақпаратты Сіз ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінен алуыңызға болады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел, 11. Тел:27-07-41, 27-07-43, 27-0744. Е-mail: gosnadzor_astana@mail.ru.

 Абенова Айжан Адилханкызы - Астана қаласы бойынша ТРМК мемлекеттік инспекторы.