МҰНАЙ ШЫҒАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН-БАҚЫЛАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ.

МҰНАЙ ШЫҒАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН-БАҚЫЛАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ.

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің  Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес, 16 наурыз 2016 жылғы, қаржы министрінің бұйрығы бойынша, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары бекітілген. 2017 жылдан бастап Қазақстанда мұнай шығарудың әр мұнай орындары мен ұңғымаларында кейінгі автокөліктерге жанармай құю станциясына дейін тасымалдауды қадағалау мақсатында  онлайн-бақылаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады.

Осы талаптар  мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер, мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарларынан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер үшін- 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізуді қоспағанда, мұнай өнімдерін жанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізушілер үшін- 2018 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес есепке алатын бақылау аспаптарын мониторинг жұмыстары қарастырылған. Есепке алатын  бақылау аспаптары мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларында орнатылған мұнай өнімдері  өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы уәкілетті органдарға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, ҚР өлшемдерінің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғы болып табылады.

Мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамасын өлшейтін есепке алатын бақылау аспаптары сыйымдылық шамасында мұнай өнімдерін құйылуын қашықтан бақылауға арналған стационарлық деңгей өлшеуіштері, түрлі типтегі шығыс өлшеуіштері мен қосалқы қондырғылар жатады.

ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік өлшем бірлігін  қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркелген және қолдануға жіберілген есепке алатын бақылау аспаптары жіберіледі. Бұл құралдар деректерді интернет және телефон желісі арқылы жіберіп іркіліссіз қуат көзімен қамтамасыз етіледі. Рұқсат етілмеген кіруді болдырмау үшін уәкілетті органның лауазымды тұлғалары ЕБА орнатылатын жерлерді пломбалайды.

 

«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология

Комитетінің Павлодар облысы

бойынша Департаменті»

Бас маманы Ирбатыров Рустем