2017 жылдың 26 қаңтары күні ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті мен «ҚазСтИн» РМК мамандарына «ТрансТехИнтернэшнл» компаниясымен Новокирпичный ауылында ашылған, Атырау облысындағы ірі және заманауи «Дәулетнан» нан зауыты есігін айқара ашты.
Өндіріс бойынша бас технолог кәсіпорынға кішігірім саяхат жасады, өндіріс үдерісі жайлы, адамның қатысуын азайтатын жаңа құрал-жабдықтар туралы айтып берді.
Компанияның құрылысы өңдеу өнеркәсібі саласының шағын және орта бизнесін несиелендіруге бағытталған «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен өткен жылы басталды.
Зауытта белгілі «WP HationBakeryGroup» (Нидерланды), «Diosna», «MIWE» (Германия) сияқты еуропалық брендтердің жоғары технологиялы нан-тоқаш пісіретін жабдықтар, жалпы құны 880 миллион теңге «Rondo» (Швейцария) автоматтандырылған желісі орнатылған.
Үрдіс толықтай автоматтандырылғанымен, зауытта 90 жұмыс орны құрылған.
«Дәулетнан» зауытының қуаты ауысымда 15 тонна дайын өнімді құрайды.
Салыстырма үшін – Атырау қаласының жұмыс істейтін 13 наубайхананың қуаттылығы барлығын қоса алғанда тәулігіне 33 тонна.
Зауыттың ассортиментінде 55 түрлі нан тағамдары бар: бидай наны, қарабидай, тәтті түрлі нан тағамдары және т.б.

Жобаның бірегейлігі – нанға ашымаған ұйытқының салынуы болып табылады.
Өнім «Дәулетнан» фирмалық дүкендерінде бүкіл қала бойынша сатылады.
Нан зауыты үнемі сапаны жақсарту үстінде және Атырау аймағы тұтынушыларының тілектеріне жауап беру үшін нан пісірудің жаңа технологияларын игеруде.
Кездесу барысында техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, оның ішінде мемлекеттік стандарттау, өнімді каталогтау жүйесі, техникалық реттеу және стандарттау саласында кадрларды қайта дайындау және біліктілігін арттыру, менеджмент жүйесі, сондай-ақ, Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қоры туралы ақпарат берілді.
