
2018 жылғы 27 сәуірде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдерімен бірлесе отырып, Астана қаласының «МЭК - Астана» ЖШС кәсіпорнына барды. Кездесудің мақсаты - техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу туралы ҚР заңнамасын түсіндіру мақсатында және күрделі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын айқындауға көмек көрсету болды.
Шара отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және жоғары өнеркәсіптілік пен бәсекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталды.
«МЭК - Астана» ЖШС электрмен қоректендірудің баламалы және резервтік жүйелерімен, энергия үнемдеу мәселелерімен айналысады.
Кездесу барысында кәсіпорын жұмыскерлеріне кәсіпорынның техникалық реттеу және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өлшеу құралдарын тексеру, сондай-ақ
ҚР СТ 2.8-2002 «Өлшем құралдарын индикаторларға өткізу тәртібі» бойынша ұсыныстар берілді.