ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2018 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Парасыз болашаққа бірге» семинары өтті. Шара 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  заңнамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Семинарға департамент қызметкерлері және «Қазақстан метрология институты (Қазметрин)» РМК Қарағанды филиалының, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалының басшылары қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы дайындаған бейнероликтер көрсетілді.

Семинардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша конструктивті диалог орын алды.