
2016 жылғы 28 желтоқсандағы Батыс Қазақстан облысының техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Аймақтық штаб отырысының хаттамалық шешімін орындау мақсатында 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі – департамент) «ҚазМетрИн» РМК БҚФ-мен бірге мұнай-газ және құрылыс саласындағы кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Департамент басшысының м.а. Жанахын Тыгынбаев іс-шараны ашып, ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп өтті, сондай-ақ қатысушыларды аталмыш заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайында хабардар етті және «ҚазМетрИн» РМК БҚФ директорының орынбасары Решат Сабиргалиевке сөз берді.
Решат Сабиргалиев Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарға салыстырып тексеруден өткізу кезіндегі проблемалар жайында баяндама жасады. Ол нарықтық қатынастарға көшкеннен бастап, өндірушінің қызығушылығымен байланыстырылған шығарылып отырған өнімнің сапасы өзекті мәселеге айналып отыр және мемлекеттің экономикалық өсуінде маңызды роль атқаратындығын атап өтті. Құнын төмендету, бәсекеге қабілетті және сапалы өнім кез келген өндірушінің негізгі міндеті. Қазіргі жағдайда кәсіпорындарда қолданылатын өлшем құралдарының 95%-ы мемлекеттік бақылауға, яғни салыстырып тексеруден өткізуге жатады, бұл ол өлшем құралдарының өндірісте қолданылуы кезінде маңызды проблема туғызады. Кәсіпорын иесі қолданылатын өлшем құралдарын ұтымды бөле алмаған жағдайда, парадоксалды жағдай туады.
Өте жоғары дамыған, яғни көптеген жылдар бойы экономикасын нарықтық жағдайда құрған шет елдердің тәжірибесін зерттей келе, мынадай тұжырымға келуге болады өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын бақылауды ұйымдастыру кезінде өлшем нәтижелерінің дұрыстығына өндірушінің өзі қызығушылық танытуы шығарылып отырған өнім сапасының кепілі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі және табыстылығы өлшем құралдарын рационалды қолдануға және жүргізілетін өлшемдердің нәтижелеріне байланысты. Және де өндіруші өз күшімен метролог мамандар, эталондық және көмекші жабдықтар болған жағдайда немесе осы жұмыс түріне аккредиттелген басқа зертханаларды тартқанда өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын (калибрлеу) бақылау туралы негізделген шешім қабылдауы.
Кәсіпорындарда өлшеу құралдарын калибрлеу жұмыстарының үлесін ұлғайту туралы сөз болып отыр. Метрологиялық бақылау саласына жатпайтын өлшеу құралдары калибрлеуден өтеді. Мемлекеттік бақылау саласына жататын өлшеу құралдарының санын азайтпай, калибрлеу жұмыстарының үлесінің өсуі мүмкін емес. Осыған орай, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар тезірек қабылдау өте маңызды, әсіресе мемлекеттік бақылау саласындағы салыстырып тексеруге жататын өлшеу құралдарын 11 позициядан 6 позицияға дейін қысқарту және осы өзгерістер 2017 жылдың басынан бастап күшіне енуі өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорындар өлшеу құралдарын калибрлеуден өткізуге дайын. Бұған келесі факт дәлел бола алады: өлшеу құралдарын салыстырып тексеруден өткізуге дайындау барысында алдын ала өлшеу құралдарының жалпы санынан өлшем нәтижесі қауіпсіздікке, экологияға әсер ететін өлшеу құралдарын, коммерциялық операциялар нәтижелеріне әсер ететін және оған үнемдеуге болмайтын, толықтай салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес салыстырып тексеруден өткізуді қажет ететін өлшеу құралдарын бөлек бөліп алады. Ал жалпы саны бірнеше мың болып табылатын өлшем нәтижелері тек сол кәсіпорынның ішкі өндірістік қажеттіліктеріне әсер ететін, сондай-ақ ол өлшеу құралдарын салыстырып тексеруден өткізу әрине көбінесе формалды сипатта болып табылатын өлшеу құралдарын бөлек бөліп алады. Қазіргі кездегі аккредиттелген зертханалардың салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу ережелері зертханалардың салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізу жағдайын қиындатып отыр, әрине ол жүргізілетін жұмыстардың сапасына әсер етеді.
Аталмыш мәселелерді шешу жолдарының бірі болып 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Батыс Қазақстан облысының техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Аймақтық штабтың төртінші отырысында қарастырылып, Техникалық ретеу және метрология комитетіне тек қана Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталығымен (МҒМО) салыстырып тексеруге жататын өлшеу құралдарының тізімін қалыптастырып және айқындау жөнінде ұсыныс жолдау туралы шешім қабылданды.
Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар берілген ақпарат үшін алғыс білдірді.