
17 қаңтар 2017 жылғы күні техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде Жамбыл облыстық прокуратурасының аға көмекшсі А.Азаматовтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстары қаралды.


Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес елімізде жаңа заңдар қайта қабылданып, кейбіреулеріне өзгерістер енгізілді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы қабылданды.
Өткізілген шараның мақсаты - қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру білім деңгейін көтеру және ұжым арасында ғана емес, көпшілік арасында да қалыптасуына ықпал ету, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық бұзушылығына әкеп соғатын жағдай мен себептерін анықтап, жою.