
Автокөлік бензині мен дизель отынына қойылатын талаптар Кеден одағының «Реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған автокөлік және авиациялық бензин, дизель және кеме отынына қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 013/2011) техникалық регламентінде белгіленген.
Автокөлік бензині КО ТР 013/2011 талаптарына сай болуы қажет, автокөлік бензинінде қоспа металдардың пайдаланылуына жол берілмейді (құрамында марганец, қорғасын, темір бар).
Автокөлік бензині мен дизель отынын іске асыру барысында сатушы тұтынушыға келесі ақпаратты ұсынуға міндетті:
- отын атауы мен маркасы;
- отынның КО ТР 013/2011 талаптарына сәйкестігі.
Автокөлік бензині мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу барысында отынның атауы мен маркасы, сонымен қатар экологиялық тобы туралы ақпарат отын тарататын құрылғыларда, тұтынушыларға қолжетімді жерлерде орналасуы қажет, сондай-ақ касса чектерінде белгіленуі керек.
Тұтынушы талабы бойынша сатушы отын сапасы туралы құжаттың көшірмесін (төлқұжат) ұсынуы қажет.
Төлқұжат мазмұны:
- отынның атауы мен белгіленуі;
- өндіруші (өкілетті өндіруші тұлғасы) немесе импорттаушы, немесе сатушы, олардың кен орнының атауы;
- отынның аталмыш маркасына қойылатын талаптардың белгіленуі (бар болған жағдайда);
- отынның осы маркасының Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарының сәйкестігін растайтын сынақтың нақтынәтижелері мен нормативік мәндері;
- төлқұжат нөмірі мен берілген күні;
- төлқұжатты рәсімдеген тұлғаның қолы;
- сәйкестік декларация туралы мәліметтер;
- отында қоспаның болуы туралы мәліметтер.
Айналымға шығатын отын партиясына ілеспе құжаттама орыс тілінде және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет-мүшесінің мемлекеттік тілінде орындалады.
Автокөлік қолданушыларының назарына бензин мен дизель отынын шығарған кезде отын үлестіргіш колонкалар Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабының 1 тармағына сәйкес тексерістен өту қажет екендігін жеткіземіз.