ТРМК – БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 2016 ЖЫЛ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ ЖҮРГІЗІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАЙДЫ

 ТРМК – БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 2016 ЖЫЛ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ ЖҮРГІЗІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАЙДЫ

2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдар әрі – департамент) барлығы 120 тексеріс жүргізді, оның ішінде 56 кәсіпорында өлшем бірілігін қамтамасыз ету саласындағы заң талаптары сақталмағандығы анықталды, ол жалпы санының 47%-ын құрайды.

Айыппұл нысанындағы әкімшілік жауапкершілікке 56 заңды және жеке тұлға тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 9 661 155 теңгені құрайды. Мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері бойынша белгіленген тәртіпте салыстырып тексеруден өткізілмеген қолдануға жарамсыз 318 өлшеу құралын қолданыстан алып тастау туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар, 57 іріктелген тексерістен айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 21 заңды тұлға тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 4 125 345 теңгені құрады.

Одан басқа, департамент 63 жоспардан тыс тексеріс жүргізді, оның ішінде 62 тексеріс Орал қаласы прокуратурасымен және Орал көлік прокуратурасымен бірлесіп, ал 1 тексеріс шағым бойынша жүргізілді, 35 мекемеде заң талаптарын бұзушылық анықталды, ол 56,4%-ды құрайды. Жалпы сомасы 5 535 810 теңгені құрайтын 35 әкімшілік айыппұл салынды:

-       50 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерінде;

-       8 денсаулық сақтау объектілерінде;

-       «Локомотив» АҚ-ының филиалында – «Орал пайдалану локомотив депосы» 2 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды;

-       «Қазтеміртранс» АҚ-ының филиалында – «Орал вагон жөндеу депосы» 1 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды;

-       ШЖҚ «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК;

-       «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалында;

-       «Идеал Маркет» ЖШС-нің «Лидер» дүкенінде.

Оған қоса «Industrial Supply Service» ЖШС-іне қатысты Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулысының негізінде Кеден одағының сәйкестік туралы декларациясысыз өнімді өткізгені және Кеден одағының жалған сәйкестік туралы декларациясын жасағаны үшін сомасы 137 865 теңгені құрайтын 65 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынды.

Осылайша, әкімшілік өндіріп алудың жалпы сомасы 9 661 155 теңгені құрады:

Тексеру түрі

Тексерудің жалпы саны

Оның ішінде заң талаптары бұзылғандарының саны

% 

Айыппұлдың жалпы сомасы, теңге

Іріктелген

57

21

38

4 125 345

Жоспардан тыс

63

35

56

5 535 810

Барлығы

120

56

47

9 661 155

Тексерілетін объектілерде анықталған заң талаптарын бұзушылықтың қайталануын жою мақсатында мемлекеттік инспекторлар мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заңнама талаптарын түсіндіреді, мысалы, департамент мекенжайына мемлекеттік инспекторлар Г.М.Саматов және Т.К.Мукановаға қатысты «Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-нан алғыс хат келіп түсті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 310 кәсіпорынға Сапа менеджменті жүйесі енгізілді, оның ішінде:

ИСО 9001 – 278 кәсіпорында;

ИСО 14001 – 169 кәсіпорында;

ИСО 22000 – 9  кәсіпорында;

OHSAS 18001 – 71 кәсіпорында;

SA 8000 – 1 кәсіпорында;

Департамент 258 өтініш қарастырды, оның ішінде 143 өтініш заңды тұлғалардан және 115 өтініш жеке тұлғалардан келіп түскен.

Ұлттық заңнама шеңберінде және Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес өнім міндетті сертифаттауға қатысты мәселелерді түсіндіру бойынша өтініштер белгіленген мерзімде қарастырылды.

2016 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес департаментте техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша, сонымен қатар Кеден одағының қабылданған және күшіне енетін техникалық регламенттерін түсіндіру бойынша департамент қызметкерлер үшін техникалық оқу жүргізілді.

Мемлекеттік инспекторлар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, департамент басшысы Салтанат Камешева тексеріс алдында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша нұсқама жүргізеді.
Сондай-ақ, 2016 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары бойынша, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді.