
Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға, жасыл экономиканың дамуына, жаһандық ілгерлеу мен дамыған 30 елдің қатарына кіруге, адамдар мен жан жануарлардың денсаулығына көптеп көңіл бөлінентіні бәрімізге мәлім. Осылайша еліміздің оңтүстік өңірлері табиғи газбен жабдықталған. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаны ластау мәселесін тежеудің көрсеткіші болмақ. Сол сияқты өндірістер мен тұрғын үйлерден басқа қаладағы көліктердің де басым көпшілігі газ қондырғысына ауысқан. Бұл қоршаған ортаны қорғау мәселесі ғана емес, газдың нарықтық бағасын жанар-жағар май бағасымен салыстырмалы түрде алғанда тұрғындардың қалтасына да пайдалы екені түсінікті.
Ал енді көліктерінде осындай газ қондарғысы бар тұрғындар, оның қауіптілігі мен жауапкершілігін жоғары сезіну керек. Бұл дегеніміз әрбір тұтынушы өз құқығын біліп оны сатушы алдында талап ете алса ол қолайсыз жағдайлар мен келеңсіз жайттардың алдын алған болар еді. Қарапайым тілмен айтқанда: егер сіз газ құю станциясына көлігіңізге газ құюға барған болсаңыз өнімнің сәйкестігін растайтын сертификат пен өлшем құралдарының салыстырып тексеруден өткендігі туралы сертификаттарын талап ете аласыз.

Өлшем құралының салыстырып текеруден өткендігі туралы сертификат сол құралдың дәлме-дәл өлшем нәтижесін беретіндігін растайтын құжат. Сәйкесінше салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын өлшем нәтижелеріне кепіл бола алмайды. Бұл Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңымен реттелген. Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын кез келген өлшем құралдары Қазақстан Республикасында сериялы шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелінген және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған өлшем құралдары пайдалануға беру алдында сынақтан өткiзіліп, осы өлшем құралдарының түрі кейiннен бекiтiлуге жатады. Өлшем құралдарының бекiтiлген түрi және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi. Түрiн бекiту мақсатында сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын айналысқа шығаруға, пайдалануға беруге, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады. Өндiрiстен немесе жөндеуден шығарылған, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлген немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген өлшем құралдары кейiн салыстырылып тексерiледi. Осы заң талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен жауапкершіліктер қарастырылған. Заң тапатарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуге құзіретті орган Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері болып табылады.
Жоғарыдағыларға мысал ретінде, Елордамыз Астана қаласы тұрғынының шағымы негізінде «Аль-Барс Газ» ЖШС көліктерге газ құю станциясына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша газ құю станциясында салыстырып тексеруден өтпеген және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiне енгiзiлмеген газ құю қондырғысы (өлшем құралдары) қолданылатыны анықталды. Бұл өз кезегінде осы құралдар қолданысқа енгізілген сәттен бастап жүргізілген сауда операцияларында халыққа сатылған газ көлемінің дәл есеппен жіберілгеніне кепілдік бере алмайтындығын білдіреді. Бұл айналып келіп тұтынушының аладнуына әкеп соғатын әрекет болмақ. Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық бақылау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Тексеріс соңында аталмыш кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынып, қолдануға жарамсыз деп танылған өлшем құралдарын қолданыстан алып тастауға нұсқаулық беріліп, қоғам алдындағы жауапкершіліктері түсіндірілді.
Егер Сіз, қандайда бір салада болмасын, мемлекеттік метрологиялық қызметте қолданылатын өлшем құралдарының заңсыз қолданысы фактісін байқасаңыз, сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қадағалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығына күмәнді болсаңыз, өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез - келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлар санының қаптамада көрсетілген санға сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне тиісті хат жолдауға құқылы екеніңізді ескертеміз.
Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы 11, байланыс телефонымыз: 270741, 270742, Email:gosnadzor_Astana@mail.ru.