
«ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы А.К. Алибаев «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбына техникалық оқу өткізді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізілетінін хабарлайды. Осылайша, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00 СЕН) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.
Осылайша, егер жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша (СЕН 250.00) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, сайлау туралы Заңға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға, банк Заңына, сақтандыру қызметі туралы Заңға, бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес декларацияны табыс ету, болса, онда оның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (СЕН 250.00) 15 шілдеден кешіктірмей қағаз жеткізгіште не 15 қыркүйектен кешіктірмей электрондық түрде, бұрын ұсынылғанның орнына (СЕН 230.00) ұсыну бойынша міндеттемелері туындайды.