
2016 жылдың 12 қаңтар Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 75 үй, № 207 бөлме, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп, «Азық-түлік өнімін таңбалау бөлігі» (КО ТР 022/2011) КО техникалық регламентіне енгізілген № 1 өзгерістің жобасын талдау үшін дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Алматы облысының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің, «Ұлттық сараптау орталығы» РМК филиалының, «РВЗ» РМК ТАФ, «Ұлт.ССО» АҚ ТФ өкілдері, сондай - ақ бизнес өкілдері қатысты.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Г.Қ. Абдрасилова «Азық-түлік өнімін таңбалау бөлігі» (КО ТР 022/2011) КО техникалық регламентіне енгізілген № 1 өзгерістің жобасын түсіндірді.
«Азық-түлік өнімін таңбалау бөлігі» (КО ТР 022/2011) КО техникалық регламентіне енгізілген № 1 өзгерістің жобасын талдау барысында Алматы облысының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен және «Алель Агро» АҚ ұсыныстар түсті.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы және Евразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу саласы бойынша мемлекеттік мекемелерге, ірі, орта және шағын бизнес субъектілеріне ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету;
- Қазақстан Республикасының ұлттық қызығушылығын ескере отырып, Евразиялық экономикалық комиссиясынан түскен құжаттардың шұғыл қаралуын қамтамасыз ету және сол бойынша ұсыныстар дайындау.