ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА «LICORICE KAZAKHSTAN» ЖШС-НІҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА «LICORICE KAZAKHSTAN» ЖШС-НІҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ

2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында «Licorice Kazakhstan» ЖШС-нің өкілімен кездесу өтті. 

«Licorice Kazakhstan» ЖШС қызылмия тамырының сығындысын (қою) – паста өндіреді.

Батыс Қазақстан территориясында өсіп шығарылатын қызылмия пайдалы заттарға өте бай. Тамақ, химиялық- фармацевтикалық, темекі және парфюмериялық өнеркәсіптер тарапынан қызылмия тамырын қайта өңдеуге сұраныс өте жоғары.

Қазіргі таңда кәсіпорын өз өнімін Ресей Федерациясы, Украина, АҚШ, Қытай және Франция елдеріне экспортқа шығарады.

Кездесу барысында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Жанахын Тыгынбаев өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге қатысты заңнама, сонымен қатар ҚР СТ 2.8-2002 «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын индикаторларға өткізу тәртібі» талаптарын түсінідіріп өтті.

Сондай-ақ, «ҚазСтИн» РМК БҚФ директоры Айман Удишева стандарттау мәселелері жөнінде, өнімді каталогтау, дайын өнімді таңбалау және нормативтік құжаттарды сараптамадан өткізу бойынша ақпарат берді.