НАРЫҚТЫ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ӨНІМДЕР МЕН ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН СЕРТИФИКАТТАРДАН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

НАРЫҚТЫ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ӨНІМДЕР МЕН ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН СЕРТИФИКАТТАРДАН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ағымдағы жылы 10 қаңтарда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі нарықты сәйкес келмейтін өнімдер мен заңсыз берілген сертификаттардан қорғау бойынша жүйелік шаралар жасау үшін дөңгелек үстел өткізді. 

Отырыс барысында сәйкестікті бағалау туралы «сұр» құжаттардан және басқа ел өкілдері және оның делдалдық компанияларымен сәйкестікті растау бойынша құжаттарды заңсыз беру фактілерінен нарықты қорғаудың проблемалық мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтардың өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау мақсатында отандық сериямен шығарылатын тез бұзылатын өнімдерді тек Қазақстан Республикасының территориясында міндетті түрде сәйкестікті растау процедурасынан өткізуді заңнамалық деңгейде шешуді, оған қоса Қазақстан Республикасының территориясында Еуразиялық экономикалық одағының СО, СЗ өкілетті тұлғасының өкілі (Еуразиялық экономикалық одағына мүше-мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның территориясында тіркелген, немесе өндіруші немесе сатушы болып табылатын, немесе шетелдік өндірушімен Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламент талаптарына жеткізіліп отырған тамақ өнімдерінің сәйкестігін қамтамасыз етуге қатысты келісім шарт негізінде шетелдік өндірушінің функцияларын атқаратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға) сертификаттаудан өткізуді Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау органының өкілінің қатысуымен жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, «ҰСжСО» АҚ БҚФ өкілі сәйкестікті растау бойынша қызметті заңсыз жүзеге асыратын делдалдық ұйымдар қызметінің мәселесі бойынша уәкілетті органдарға «ҰСжСО» АҚ және «Атамекен» ҰКП бірлесіп, аккредиттеу органдарының, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағы шеңберінде аккредиттеу бойынша сарапшылардың (бағалаушылардың) аккредиттеу нәтижелеріне және нормативтік-құқықтық актілерде қарастырылмаған талаптарды аккердиттеу субъектілерінен талап етуге жауапкершілігін бекіту туралы заңнамалық бастамамен сөз сөйлеуді ұсынды.