
2017 жылдың 06 қаңтарда ТРМК Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мен «ҚазСтИн» РМК және «ҚазМетрИн» РМК Ақтөбе филиалдарының өкілдері бірлесіп бірлесіп «WestPromEngineering» ЖШС бұзбайтын бақылау зертханасында (әрі-қарай - ББЗ) арнайы болды.
Қазақстан Республикасы аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының қүзыреттілігіне қойлатын жалпы талаптары» ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкес «West Prom Engineering» ЖШС ББЗ аккредитациясынан өткен.
2014 жылы құрылған «West Prom Engineering» ЖШС ББЗ бір құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Зертханалық жұмысының негізгі бағыты мұнай жабдықтарының паспорттау, тексеру, куәландыру болып табылады.
Жұмыс барысында стандарттау жүйесіндегі нормативті құжаттардың Қазақстан Республикасында қолдану тәртібін, оларды мерзімді жаңғырту қажеттілігін, мемлекеттік стандарттау Жоспарына ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізу туралы сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ «Интернет-дүкен» ақпараттық жүйенің қызметін және www.eurasiancommission.org, www.memst.kz, www.egfntd.kz. сайттарынан қажетті ақпаратты дұрыс және тез қалай табуға болатынын көрсетті.
Арнайы бару нәтижесі бойынша «WestPromEngineering» ЖШС ББЗ «ҚазСтИн» РМК Ақтөбе филиалы нормативтік-техникалық құжаттарын өзектендіру үшін келісім-шартқа қол қойылды.