ІШКІ НАРЫҚТЫ ЖАРЫМСЫЗ ӨНІМДЕРДЕН ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРДАН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҮЙЕЛІК ШАРАЛАР

ІШКІ НАРЫҚТЫ ЖАРЫМСЫЗ ӨНІМДЕРДЕН ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРДАН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҮЙЕЛІК ШАРАЛАР

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментімен 2017 жылғы 10 қаңтарда, басқа елдердің және олардың делдалдық компаниялары сәйкестікті растайтын заңсыз берілген құжаттары мәселе бойынша, делдалдық және брокерлік компанияларың қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.

Отырысқа «Ұлттық аккредиттеу орталығының» бас директорының заңды мәселе бойынша кеңесшісі мен делдалдық және брокерлік компанияларың өкілдері қатысты:

 

1. «Серконс» ЖШС;

2. «Вига плюс» ЖШС;

3.   «АМД групп» ЖШС;

4. «Expocert» ЖШС;

5. «СК ГРУПП» ЖШС.

Жұмыс отырыс барысында, Департамент басшысымен Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттеріне сәйкестікті бағалау саласында өнімдердің сәйкестіктігін растауда қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сынақ өткізбей, сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік декларацияларды беретін Ресей Федерациясының сәйкестікті растайтын алақол органдары жөніндегі мәселе көтерілді.

Осыдан бұрын, Астана қаласы бойынша Департаментімен жұмыс бағытында делдалдық және брокерлік компанияларға, Ресей Федерациясының сәйкестікті растау органдарына заңсыз жарнама жасағаны үшін, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылғын жауапкершіліктер ескертілген болған.

Сондай-ақ, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңының 8 бабы 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңының 8 бабы 5 тармағына сәйкес, аккредиттеу субъектілері:

-        аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;

-        аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға міндетті.

«Ұлттық аккредиттеу орталығының» Бас директорының заңды мәселе бойынша кеңесшісі, делдалдық және брокерлік компанияларына, Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттелген сәйкестікті растау органдарына жүгіну керектігін білдірді.

Жұмыс барысында, Департамент басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың шарты бойынша, бірыңғай ережелер мен міндетті сәйкестікті бағалау рәсімін, өнімдерді әкелу тәртібін сақтау қажеттігін және үшінші елдермен өзара сауда жасау үшін техникалық бөгеулері жою керектігін айтты.

Отырыс соңында, Астана қаласы бойынша Департаментімен барлық делдалдық және брокерлік компанияларың басшыларына, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» және «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптарын сақтау қажеттігі айтылып, заң бұзушылыққа қарастырылған жауапкершіліктер түсіндірілді.