ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ТЕКСЕРУЛЕР ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ТЕКСЕРУЛЕР ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

2016 жылдың 4 тоқсанына Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында тексеру жүргізуге 16 обьекті алынған болатын. Оның ішінде, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы, сонымен қатар, халықты коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету обьектілері қамтылған.

Аталған обьектілер қоғамда маңызды орын алатын қызмет түрін көрсететін мемлекетке тікелей қарасты мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер және т.с.с. болып табылады.

Тексеру қорытындысына талдау жүргізіп қарасақ, жоғарыда аталған объектілердің қызметі адам өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғауда маңызды көрсеткіштерге ие болғанына қарамастан, тексерілген мекемелер тарапынан көптеген заң бұзушылықтарға жол берілген.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында жүргізілетін өлшемдер адам денсаулығының жәй-күйін анықтап беретін бірден-бір көрсеткіш. Осы өлшемдерге қол жеткізетін өлшем құралдары уақытылы салыстырып тексеруден өтпей, яғни өлшем құралдарының жұмысының дәлдігі, оның қызмет көрсетуінің дұрыстығына көз жеткізбей қолданылғаны анықталды.

Сондай-ақ, коммуналдық қызмет көрсету саласында да осындай олқылықтарды көруге болады.

Ресурстарды (су, жылу, электр энергиясы) халыққа тасымалдауда қажетті параметрлерді (температура, қысым) анықтайтын өлшеу құралдарымен қоса, есептеу құралдары (счетчики) салыстырып тексеруден өтпеген. Бұл өз кезегінде халықты алдауға әкеліп соқтыруда.

Осыған қоса, өткен тоқсандарда тексеру жүргізілген ірі кәсіпорындарды да атап өткен жөн. Облысымыздың экономикасын көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсартып отырған газ, мұнай өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда да аталған кемшіліктер орын алған.

Қоратындылай келе, бүгінгі күнге дейін Департаментпен 51 мекемеге мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізіліп, оның ішінде 33 тексеру обьектісінен заң бұзушылық анықталып, 450 бірлік өлшем бірлігін қолдануға тиым салынды. Аталған обьектілерге қатысты, хаттамалар толтырылып, әкімшілік істер қозғалды.