
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың нәтижелері.
Департаментпен 55 тексеру жүргізілді, оның ішінде 29 жағдайында бұзушылықтар анықталды, бұл 53% құрайды. Жүргізілген 25 тексерудің 18-ішінара тексеру, 7-жоспардан тыс тексеру.
Әкімшілік айыппұл салу түрінде 19 жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, жалпы айыппұлдың сомасы 8 314 320 теңгені құрады, орындалғаны 7 964 355 теңгені құрайды (96%).
Тексеру жүргізу нәтижесінде 1922 қолдануға жарамсыз өлшем құралдарының қолданылуына тыйым салынды.
2. Өткізу саласындағы сатып алу мен сынақ жүргізуде мемлекеттік бақылау.
Сату кезінде өлшеп оралған тауарлардың санына қатысты Департаментпен келесі мекемелерде мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізілді:
1) «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС;
2) «Актобе-нан» ЖШС;
3) «Global Master Group» /Глобал Мастер Групп/ ЖШС;
4) «Анвар» ЖШС.
Тексерулер қорытындысы бойынша «Анвар» ЖШС-де келесі 6 партия өнімнің алдын ала оралған өнімнің қаптамасында көрсетілген салмақтың, қаптама ішіндегі өнімнің нақты салмағымен сәйкес келмейтіндігі анықталды:
1) Тұшпара "Анвар" сиыр етінен жасалған (нетто 450гр.) 8 үлгі ішінен 2 сәйкес келмейді, өндіруші: "Анвар" ЖШС, Ақтөбе қ., Есет батыр көшесі 107/2;
2) Тұшпара "Анвар" Народная (нетто 450гр.) 8 үлгі ішінен 5 сәйкес келмейді, өндіруші: "Анвар" ЖШС, Ақтөбе қ., Есет батыр көшесі 107/2;
3) Круасаны «Яшкино», (нетто 180гр.) 8 үлгі ішінен 2 сәйкес келмейді, өндіруші: ООО "КВВ Яшкино" Ресей;
4) Қарақұмық жармасы «ЭкоПак» (нетто 700гр.) өндіруші: "Жазык Групп" ЖШС;
5) Жүгері жармасы «Стандарт» (нетто 800гр.) өндіруші: ООО "Агро Комплект Метака" Ресей;
6) Тазартылған қант «Чишимский тракт» (нетто 450гр.) 8 үлгі ішінен 2 сәйкес келмейді, өндіруші: ООО "Дроздофф" Ресей.
3. Сатып алу және сынақ жасалмай жүргізілген өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау.
Департаментпен сатып алу және сынақ жасалмай жүргізілген өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізілмеді.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің лицензиаттары қызметіне мемлекеттік бақылау.
Государственный контроль за деятельностью лицензиатов Государственных символов Республики Казахстан Департаментом не проводился.
5. Меморандумдар.
Департаментпен 2016 жылы тұтынушылардың құкықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «Жилгородской М+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Жилгородской» базары, Ақтөбе қаласы), жеке кәсіпкер Итегулова Н.Х. («Ануар» базары, Ақтөбе қаласы) және Департамент арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Департаментпен сонымен қатар, Ақтөбе облысының прокуратурасымен өткізілген «Кедергісіз кәсіпкерлік» форумында кәсіпкерлікті қорғау мәселелерінде Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелері мен бизнес-бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық және өзара түсінушілік туралы меморандум жасалды.
6. Метрологиялық қызметтердің, лицензияланатын кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттік бақылау және өлшем құралдарының жағдайы мен қолданылуына метрологиялық бақылау.
Өлшем құралдарының жағдайы мен қолданылуына іріктемелі мемлекеттік метрологиялық бақылау шаруашылық субъектілердің 36 жүргізілді, оның ішінде 18 жағдайында (50%) бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижесінде әкімшілік айыппұл салу түрінде 20 жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, жалпы айыппұлдың сомасы 3 489 045 теңгені құрады, орындалғаны 3 276 945 теңгені құрайды (94%). Қолдануға жарамсыз 1838 өлшем құралдарының пайдаланудан алып тастау туралы нұсқама берілді.
7. Жоспардан тыс тексерулер.
Жоспардан тыс 17 тексеру жүргізілді, оның ішінде Комитеттің тапсырмасы бойынша – 5, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттары мен өтінімдері бойынша – 7, нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша – 3, қарсы тексерістер бойынша - 2. Бұзушылықтар 12 жағдайында анықталды, яғни 71% құрайды.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде әкімшілік айыппұл салу түрінде 19 жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, жалпы айыппұлдың сомасы 3 754 170 теңгені құрады, орындалғаны 3 616 305 теңгені құрайды (96%).
Департаменттің нұсқамасын заңды тұлға («Сагиз Петролеум Компани» ЖШС) орындамау фактісі бойынша іс сотқа жолданылып, соттың қаулысымен заңды тұлғаға 1 060 500 теңгеге айыппұл салынды және қызметтің түрі тоқтатылды.
«Манар» ЖШС СРО-на жоспардан тыс тексеру:
- 2016 жылғы 20 маусымдағы №26-3-07/02-4183-КТРМ «Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ тапсырмасына сәйкес «Манар» ЖШС СРО-на жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында 2016 жылдың 21 сәуірі мен 13 мамыр аралығында«Манар» ЖШС СРО-мен сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібін және Кеден одағының 004/2011 «Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің 7 бабы 2 тармағының бұзылуымен келесі сәйкестiк туралы декларациялар негiзсiз беріліп және Кеден одағының бірыңғай нысанында берілген сәйкестiк туралы декларациялардың тізілімінде тiркелгендігі анықталды:
«KMG Nabors Drilling Company» («КМГ Нэйборс Дриллинг Компани») ЖШС-нің сұранымына сәйкес:
- 2016 жылғы 13 мамырдағы №6ТС.KZ.1510580.23.01.00877 Кабель өніміне, 14 AWG, 3 желілі, 600 вольт, Polyrad XT 125, арқауланбаған, артикул: Е03-1015-010, партиясы 152.4м Инвойс № OFUS-1320-90902 от 03.12.2015г., СЭҚ ТН коды 8544499509;
- 2016 жылғы 13 мамырдағы №6ТС.KZ.1510580.23.01.00882 САТ5 экрандалған кабель, сыртқа қондыруға арналған ширақ, орауыш түрінде келеді/1000, артикул: Е11583 партиясы - 304,8м, СЭҚ ТН коды 8544499509;
«ПСН Казстрой» АҚ-ның сұранымына сәйкес:
- 2016 жылғы 29 сәуірдегі №6ТС.KZ.1510580.23.01.00868 Кабель өніміне, типі: 2C + E x 4мм 2 XLPE/PVC/SWA/PVC/1.0KV, SHF2, 2C + E x 2.5мм 2 XLPE/PVC/SWA/PVC/1.0KV, SHF2, партиясы 406м. 2016 жылғы 23 ақпандағы инвойс № 18009198-00, СЭҚ ТН коды 8544499900,
- 2016 жылғы 29 сәуірдегі №6ТС.KZ.1510580.23.01.00869 көпжелілі қалайыланған мыс кабелі өніміне, түсі: қара, сары, 1000V, партиясы 30м. 2016 жылғы 1 наурыздағы инвойс № 18009126-00, СЭҚ ТН коды 8544499900;
«ФМФ-Логистик по поручению Компании «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» ЖШС-нің өтініміне сәйкес:
- 2016 жылғы 21 сәуірдегі №6ТС.KZ.1510580.23.01.00859 кабель 10 ФТ өніміне, артикулы: 323А3347Р10, партиясы - 3 бірлік. тапсырыс № 4512542151 от 18.12.2015 г., 2016 жылғы 17 наурыздағы инвойс №2016005171, СЭҚ ТН коды 8544429009;
- 2016 жылғы 22 сәуірдегі №6ТС.KZ.1510580.23.01.00860 Кабель өніміне, ұзындығы: 10 метр болттармен, гайкалармен, кабельдің типі: N07V-K, жасыл-сары, өлшемі: 2,5мм2, партиясы - 1 комплект. 2011 жылғы 20 шілдедегі 2008-0118 контракт AGIP KCO, 2016 жылғы 1 наурыздағы инвойс № M21/PWLM31A/SL/NCR-001, СЭҚ ТН коды 8544429009;
- 2016 жылғы 22 сәуірдегі №6ТС.KZ.1510580.23.01. Кабель өніміне, ұзындығы: 5 метр болттармен, гайкалармен, кабельдің типі: N07V-K, жасыл-сары, өлшемі: 16мм2, партиясы - 1 комплект. 2011 жылғы 20 шілдедегі 2008-0118 контракт AGIP KCO, 2016 жылғы 1 наурыздағы инвойс № M20/PWLM53A/SL/NCR-001, СЭҚ ТН коды 8544499509.
Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 415 бабы 1 бөлімі 5 тармағына сәйкес «Манар» ЖШС СРО-нің 2014 жылғы 14 қарашадағы №KZ.O.05.0580 аккредиттеу аттестатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 65 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 415 бабы 1 бөлімі 4 тармағына сәйкес «Манар» ЖШС СРО-ның маманы Хисматуллин Радик Ринатовичке қатысты 2015 жылғы 11 ақпандағы KZ.7100000.08.00.04777 сарапшы-аудитордың аттестатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
8. Құқық қорғау органдарымен тексерулер.
2016 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарымен 17 тексеру жүргізілді. Бұзушылықтар 16 жағдайында анықталды, яғни 94% құрайды.
Құқық қорғау органдарымен жүргізілген тексерулер нәтижесінде әкімшілік айыппұл салу түрінде 16 жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, жалпы айыппұлдың сомасы 3 552 675 теңгені құрады, орындалғаны 3 414 810 теңгені құрайды (96%).
Ақтөбе қаласының прокуратурасымен бірге Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңының талаптарының сақталуына білім беретін және медициналық мекемелерге талдау жүргізілді.
Департаменттің бас маманы - Ақтөбе облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Р.О.Курашеваның қатысуымен жүргізілген талдау барысында Мемлекеттік рәміздердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысының, «ҚР Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» 988-2007 ҚР СТ (әрі қарай – ҚР СТ 988), «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» 989-2008 ҚР СТ (әрі қарай – ҚР СТ 989) талаптарының орындалуына талдау жүргізілді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде Департаментке Ақтөбе қаласының прокуратурасынан 2016 жылдың 15 сәуіріндегі № 2-030107-16-10842 заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы (әрі қарай – Ұсыныс) қарау үшін және ҚР СТ 988 және ҚР СТ 989 ұлттық стандарт талаптарын бұзған айыпты тұлғаларды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 418 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шұғыл шара қолдану үшін келіп түсті.
Ұсынысты қарастыру нәтижесінде 13 әкімшілік іс қозғалып, келесі мекелерге қатысты әкімшілік айыппұл салынды:
1 «№ 3 орта мектебі» ММ;
2) «№ 9 орта мектеп-гимназиясы» ММ;
3) «№ 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы» ММ;
4) «Ақтөбе қаласының № 25 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ;
5) «Ақтөбе қаласының № 27 орта мектеп-лицейі» ММ;
6) «№ 35 орта мектебі» ММ;
7) «№ 37 орта мектебі» ММ;
8) «№ 56 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;
9) «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№ 2 «Бұлбұл» мектепке дейін ұйымы» МКҚК;
10) «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№ 12 «Інжугүл» мектепке дейін ұйымы» МКҚК;
11) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «№3 қалалық емханасы» МҚК;
12) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «№6 қалалық емханасы» МҚК;
13) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Қалалық балалар стоматологиялық емханасы» МҚК.
9. Мемлекеттік рәміздерді мониторингілеу бойынша қызмет.
2016 жылға арналған Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының жоспар-кестесіне сәйкес Байғанин, Мәртөк және Мұғалжар аудандарында, сндай-ақ Ақтөбе қаласының білім беретін және медициналық мекемелерде мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг жүргізу барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа ұлттық стандартының енгізілуі туралы айтылды. Мониторингпен 100-ден астам мекеме қамтылды.
10. Тауардың шығу тегі саласындағы мемлекеттік бақылау.
Департаментпен 2016 жылы 2016 жылғы 24 ақпандағы №26-3-07/04-ЗТ-О/70 «Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына қатысты тексеру жүргізілді.
Тексеру жүргізу барысында «Буртас» ЖШС-нің Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларының (әрі қарай – Қағида) 9-шы қосымшасының нысанына сәйкес ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға өтінімі, «Ұлттық сараптау және сертификациялау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының сарапшы-аудиторымен берілген 2016 жылғы 19 тамыздағы № 168 ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегіне сараптама актісінің және Қағиданың 45 тармағына сәйкес «Буртас» ЖШС-нің сараптамаға тапсырған құжаттарының негізінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасымен 2016 жылғы 20 тамызында № KZ 5 104 00198 «CT-KZ» нысанындағы сертификаты келесі өнімге берілгендігі анықталды:
«EASY» маркалы техникалық күйдіргіш сілті,
СЭҚ ТН коды 2815 11 000 0,
СЭҚ ӨС коды 20.13.25
Жалпы саны 140000 килограммды құрайды.
Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сараптаманы «Ұлттық сараптау және сертификациялау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының сарапшы-аудиторы жүргізген.
Қағиданың 45 тармағы 3-тармақшасында өтінім берушімен қызмет түріне берілген лицензияның түпнұсқасы және көшірмесі (егерде қызметтердің түрі лицензиялауға жатқан жағдайда) ұсынылатындығы қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (әрі қарай -) 2016 жылғы 2 наурыздағы № 25-13/445-ВН хатына сәйкес «Буртас» ЖШС-і ИДӨҚК-нің лицензиаттар қорында тіркелмегендігі анықталды.
Қағиданың 52 тармағын бұзып Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерімен Қағиданың 45 тармағында көрсетілген «Буртас» ЖШС-нің құжаттарын талдау және «Ұлттық сараптау және сертификациялау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының сарапшы-аудиторымен берілген 2016 жылғы 19 тамыздағы № 168 ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегіне сараптама актісінің тиісінше әзірленуіне талдау негізінде қызмет түріне «Буртас» ЖШС-нің лицензия ұсынбауынсыз «CT-KZ» нысанындағы сертификатты әзірлеу туралы қорытынды жасалған.
Тексеру жүргізу нәтижесінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының және шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналыс үшін тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағы тауарының және шетелдік тауардың нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
11. Өтінімдер бойынша жұмыс.
Департаментпен 2016 жылы 163 өтінім, оның ішінде заңды тұлғалардан – 151, жеке тұдғалардан – 12. Өтінімдерді қарау мерзімдері сақталды. Өтінімдердің басым бөлігі өнімнің сәйкестігін міндетті растау сұрақтары жөнінде.
Барлық өтінімдер қатаң түрде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының сәйкес қарастырылады.
12. Бұқара ақпарат құралдарымен өзара әрекет.
Бұқара ақпарат құралдарымен орнықты байланысты жүйелі деңгейде жолға қою жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Осылайша 2016 жылы Департаментпен 12 дөңгелек үстел, 37 семинар, кездесу және конференциялар, облыстық және аудандық газет беттерінде 32 мақала жарияланды, сонымен қатар облыстық және республикалық телевизияларда 49 сұхбат өткізілді.
13. Ақтөбе өңірлік штабтың отырыстары.
Қазақстан Республикасының Үкімет басшының хатаммалық тапсымаларын орындау мақсатында Ақтөбе облысы әкімінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы №4-ө өкімімен «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ базасында (жұмыс органы) Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобаларын талқылау жөніндегі Ақтөбе Өңірлік штабы құрылды (әрі-қарай - АӨШ).
2016 жылы 2 АӨШ отырысы өткізілді.
Отырыс Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Н. Искалиевтың және Қ.А. Бекеновтың төрағалығымен өткізілді.
АӨШ отырысында келесі сұрақтар карастырылды:
1. Кеден одағының «Тамақ өнімі оның таңбалану бөлігінде» техникалық регламентінің №1 өзгеріс жобасын талқылау.
2. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгеріс пен толықтыруларды енгізу бойынша заң жобасын талқылау.
3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына мүдделі ұйымдардың өкілдерін қатыстыру жөніндегі қағидалар.
4. Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативті құжаттарды қолдану қағидалары.
5. 2017 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жұмыс жоспарына енгізу үшін басымды бағыттардағы ұлттық стандарттарды әзірлеу үшін өңірдегі кәсіпорындардан түскен ұсыныс-өтінімдерді қарастыру туралы сұрақтар қаралды.
6. «Ауылшаруашылық және орманшаруашылық тракторлары және оған жалғанғыштар қауіпсіздігі туралы» Кедендік Одақтың техникалық регламенттерінің (ТР ТС 031/2012) № 1 өзгерістер жобасын талқылау
7. «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі» Кедендік Одақтың техникалық регламенттерінің № 1 өзгерістер жобасын талқылау (ТР ТС 019/2011)
8. Техникалық реттеу және метрология облысындағы 10 басымды бағыттын талқылау
9. Балық және балық өнімдеріне, аттракцион және электротехникадағы қауіпті заттардың шектеулігі туралы жақында ЕАЭО қабылданған жобалары туралы ақпарат.
АӨШ отырысының нәтижесінде:
- Департаментке жинақтап, одан әрі әзірлеушілерге ұсыну үшін Ақтөбе облысының мүдделі кәсіпорындары мен ұйымдарына Кеден одағының «Тамақ өнімі оның таңбалану бөлігінде» техникалық регламентінің №1 өзгеріс жобасына нысанға сәйкес дәлелді ұсыныстар мен ескертпелерді беру туралы ұсыныс жасалды.
- Департаментке «ҚазСтИн» РМК Ақтөбе филиалы және «ҚазМетрИн» РМК Ақтөбе филиалымен бірлесіп ақпараттық-түсіндірме жұмыстарды жалғастыру және ЕАЭО ТР стандарттарының жобаларын көпшілікте талқылауда кәсіпорындар мен ұйымдардан ЕАЭО ТР жобаларына түскен ұсыныстар мен ескертпелерді қарастыру мерзімдерінен кейін, өтінім берушіге ұсыныстар мен ескертпелерді тікелей ЕЭК-ке жолдау туралы ұсыныс беру тапсырылды.
- Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасына «ҚазСтИн» РМК Ақтөбе филиалымен бірлесіп «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС (АРБЗ)» және «Дөң тау-кен байыту комбинаты – «Казхром»ТҰК» АҚ филиалынан келесі:
1) ҚР СТ EN «Металл материалдары. Бринелл бойынша беріктігін анықтау. 1 бөлім. Сынақ әдісі».
2) ҚР СТ EN «Қара металдар. Химиялық талдау. Болат және шойында оттектің мөлшерін анықтау. 1 бөлім. Оттектің мөлшерін анықтау үшін болат үлгілерін іріктеу және дайындау».
3) ҚР СТ EN «Қара металдар. Химиялық талдау. Болат және шойында оттектің мөлшерін анықтау. 2 бөлім. Инертті газ ортасында балқытылғаннан кейінгі инфрақызыл әдіс».
4) ҚР СТ EN «Болатта эталондық бейненің қолданылуымен бейметал қосындылардың мөлшерін металографиялық анықтау».
5) ҚР СТ EN «Болат және шойын – химиялық құрамды анықтау үшін Еуропалық стандарттар».
6) ҚР СТ «Кен және хром концентраттары. Техникалық шарттар» ұлттық стандарттарды (ҚР СТ) әзірлеуге түскен ұсыныс-өтінімдерді 2017 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жұмыс жоспарына қосу үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолдау.