«ТК ФАРМ АКТОБЕ» ЖШС БАРЫП ҚАЙТУ

«ТК ФАРМ АКТОБЕ» ЖШС БАРЫП ҚАЙТУ

2017 жылдың 6 қаңтарда ТРМК Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мен «ҚазСтИн» РМК және «ҚазМетрИн» РМК Ақтөбе филиалдарының өкілдері бірлесіп «ТК Фарм Актобе» ЖШС арнайы болды.

Негізгі мақсат - техникалық реттеу саласындағы ақпараттар туралы, ЕурАзЭО / Кеден Одағы техникалық регламенттерін енгізуге өндірістің ғылыми-техникалық, материалдық-техникалық базасының дайындығы, Еуразиялық экономикалық одақ / Кеден одағы шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстар, ҚР Мемлекеттік каталогтау жүйесіне өнімдерін тіркеу, нормативті техникалық құжаттарды жаңарту мәселелерін талқылау және т.б.

«ТК Фарм Актобе» ЖШС 2012 жылғы желтоқсан айында «Бизнес жол картасы - 2020» Мемлекеттік бағдарламаның щеңберінде GMP Good Manufacturing Practice стандарттарының талаптарына сай құрылды.

2013 жылдан қазіргі уақытта дейін «ТК Фарм Актобе» сұйық жөтелге қарсы мынадай сироптарды шығарады: мия тамыры, термопсиспен қосылған мия тамыры және пертуссин. Соның ішінде термопсис сығындысы қосылған мия тамырының шәрбатын Қазақстан бойынша кәсіпорын өндіреді.

2016 жылдың шілде айында қатты дәрілік заттар өндірісі іске қосылды. Болашақта 7 түрлі таблетка және капсула түріндегі келесі қатты дәрілік заттар шығару жоспарларында бар:

1.Доксициклин капсулдар 0,1

2.Винпоцетин таблеткалар 0,005

3.Флуконазол капсулдар 0,05; 0,1 ; 0,15

4.Лоперамид капсулдар 0,002

5.Белсендірілген көмір капсулдар 0,2

6.Грипповир капсулдар

7.Дониум таблеткалар

«ҚазСтИн» РМК Ақтөбе филиалы өкілі «ТК Фарм Актобе» ЖШС жұмыс барысын зерделеп олар өндіріп жатырған өнімдерін ҚР ақпараттық каталогтау жүйесінде тіркелу қажетілігін атап (2004 жылғы 9 қарашадағы №603-II «Техникалық реттеу туралы» ҚРЗ 25-1-бабының 2-тармағына сәйкес) және өнімнің каталог парағын толтыру тәртібін тұсіндірді.

Сонымен қатар «ТК Фарм Актобе» ЖШС нормативті-техникалық базасы бойынша сұрақтары және техникалық реттеу саласында бірлесіп әрекет жасау мүмкіндіктерін талқыланды.