АВТОКӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

 АВТОКӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

2018 жылғы 4 мамырда ҚР ИДМ ТРМК БҚО бойынша департаментінің басшысы Салават Вахитов ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Ғилымовтың төрағалық етуімен өткен ауыр салмақты автокөлік құралдарының карьерлерден өтуін бақылауды қамтамасыз ету туралы «Жол картасын» жүзеге асыру жөніндегі жиналысқа қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жүк жөнелтушілермен көлік саласындағы заңнама талаптарының сақталуы туралы БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының өкілдері баяндама жасады.

Құрылыс, жол және басқа да нысандарға карьерлерден алынған инертті материалдарды тасымалдаған кезде салмақтық параметрлерді сақтау үшін автокөліктік таразылармен және дезинфекциялау пункттерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне 100-ден астам автокөліктік таразы енгізілген.

Аккредиттеу облысы автокөліктік таразыларды салыстырып тексеруге/калибрлеуге мүмкіндік беретін аккредиттеу субъектілерінің тізімінде 47 салыстырып тексеру  және 17 калибрлеу зертханалары тіркелген, оның ішінде БҚО аумағында тізімінде 3 салыстырып тексеру  және 2 калибрлеу зертханасы бар.

Департамент Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізу және салыстырып тексеруден өткен өлшем құралдарын, оның ішінде автокөліктік таразыларды пайдалану мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.