
Павлодар қаласында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облыстық Депратаментінің инспекторларыноқыту мақсатында Техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі семинар өтті.
Оқытуды «ҚазСтИн» РМК Павлодар филиалының директоры Ерлан Куатов, «ҰССО» АҚ бағалы металдармен және тастармен жұмыстарды үйлестіру бөлімінің бастығы Ербол Сихимбаев, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің өкілі, Сараптамалық кеңестің геральдисті Айдын Рысбекұлы жүргізді.
Оқыту бағдарламасында техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ, нарықта мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау саласында дәрістер таныстырылды.
Сонымен қатар, семинарда техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Семинар соңында тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды.