АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдарына қойылатын талаптары талқыланды.

Бұндай іс-шараның мақсаты ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдарының қауіпсіздігі жайлы және олардың қандай болуы тиіс екендігін түсіндіру.

Талқылау барасында семинар-жиналыстың қатысушыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті жайлы ақпарат жеткізілді.

Сонымен қатар, ғимараттарды, құрылыстарды тұрғызу және түрлі жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі азаматтардың жеке, тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары тек осы Техникалық регламенттің талаптарына сай нарыққа жіберілуі тиіс.

Құрылыс материалдары, бұйымдары зиян келтіру тәуекелін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін тұтынушыға арналған ілеспе құжаттамаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының нарығындағы өнімнің айналым белгісі құрылыс объектілеріне және құрылыс өнімдеріне, құрылыс объектісінің техникалық паспортына, жобалау құжаттамасының жалпы түсіндірме жазбасының титулдық бетіне, құрылыс материалдарына қосымша пайдалану құжаттарына (сапа туралы құжат), сондай-ақ құрылыс бұйымдарына немесе олардың қосымша пайдалану құжаттарына қолданылады.

Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық  реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен алуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Алтынсарин даңғылы 83, байланыс тел: 8 (727) 303-88-52, 243-10-87. Электрондық адрес:ktrm_almaty@mail.ru.

Алматы қ-ы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторы Б.Сұлтанова