ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

 ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

2018 жылғы 21-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері техникалық реттеу және метрология саласындағы кадрларды даярлау бойынша оқыту семинарына қатысты.

Семинарды Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму минисрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты ұйымдастырды.

Іс-шара аясында Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-тың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру мен техникалық реттеу саласындағы заңамасына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар соңында біліктілігін арттырған қызметкерлерге арнайы сертификаттар табысталды.