Медицинада өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы

Медицинада өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы

Қазіргі заманғы медицина көптеген өлшеу құралдарымен жабдықталған. Диагноздың дұрыстығы және дәрігер тағайындаған емнің тиімділігі олардың көрсеткіштерінің дәлдігіне байланысты. Медицинада және денсаулық сақтау саласында қолданылатын өлшеулер Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңымен қамтылатындығы кездейсоқ емес, сәйкесінше өлшемдердің біртектілігін қамтамасыз ету мақсаттарының бірі адам ауруын диагностикалау мен емдеу кезінде өлшеудің сенімді нәтижелерін қамтамасыз ету болып табылады.  Жоғарыда аталған Заңның талаптарын түсіндіру мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Іле аудандында орналасқан  Орталық Ауырухананың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.            2019 жылдың 11 сәуірінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясы нақтыланды. Түзетулерге сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылаудың саласы салалық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қалыптастыратын мемлекеттік реттеуге байланысты өлшемдер Тізбелерімен анықталады.

Кездесу барысында қолданылған өлшеу құралдарының келісілген тізбесінің болуы, оларды тексеру кестелері және оларды уақтылы орындау, өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты адамдарды тағайындау мәселелері қозғалды. Мұның бәрі Заң талаптарын сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады.

Кездесуді қатысушылар тиімді деп атап өтті, өйткені мекеменің қызметкерлерімен қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.