АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2018 жылдың 25 мамырында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті портландцемент негіздері бойынша семинарға қатысты.

Семинар мақсаты 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламенті, атап айтқанда, портландцементке қойылатын талаптарды талқылау болды.

Семинар барысында портландцементке жарамды стандарттарын, сынау кезінде цементтің негізгі параметрлеріне қойылатын стандарттар және Қазақстанның цемент өнеркәсібінде кездесетін проблемалық мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде, ашық диалог және жемісті пікір алмасу өтті, семинар қатысушылары өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.