АЛМАТЫДА ЕАЭО СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 АЛМАТЫДА ЕАЭО СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2018 жылғы 31 мамырда «Халықаралық балаларды қорғау күнін» мерекелеуге байланысты Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 038/2016) және «Балалар ойын алаңқайларына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 042/2017) ЕАЭО Техникалық регламенттерін талқылау бойынша Алматы қалалық штабының кезекті отырысын өткізді.

Штаб отырысына Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасының, Қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ОФ, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, қалалық саябақтар мен ойын-сауық орталықтарының өкілдері мен аттракциондардың және балалар ойын алаңқайларына арналған жабдықтардың жеткізушілері қатысты. 

Отырыс қатысушыларына осы ЕАЭО ТР әрекеттері ЕАЭО елдерінің аумағында алғаш рет айналысқа шығарылған аттракциондарға, балалардың ойын алаңдарын көріктендіруге, жабдықтауға және (немесе) қамтуға қолданылатыны туралы ақпарат жеткізілді.

ЕАЭО ТР талаптары бойынша аттракциондардың сәйкестігін растау айналымға шығарар алдында ықтимал тәуекел дәрежесіне қарай сертификаттау немесе декларациялау формаларында жүргізілетін болады. Бұдан əрі пайдалануға берілгенге дейін тіркеулер жүргізіледі жəне белгіленген қызмет мерзімі ішінде (кем дегенде жылына бір рет) техникалық куәландыру жүргізіледі. Сертификаттау және декларация бірыңғай ережелер бойынша жүзеге асырылады, өйткені айналысқа шығару бірыңғай аумақта жүзеге асырылады, ал тіркеу және техникалық куәландыру – аттракцион пайдаланытан  мемлекеттің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.